Ұйқасы жоқ мерейтой

Анау дейміз, мынау дейміз, бірақ ҚР халық жазушысы, КСРО мен ҚР халық жепутаты, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшісі сияқты атақтары бар ақын Мұхтар Шаханов биылғы шілденің екісінде сексен жасы белесінен әупірімдеп асып түсті. Техасшыл ағайымыз бірнеше белгілі әндердің сөзін жазыпты-мыс. Оңтүстіктің пысық өкілі Зақаш Камалиденовтей КГБ жандаралдарының арқасында Евгений Евтушенко секілді ірі жазушылардың сырлас жан досына айналды. Демек, Мұхаңды жақтасақ немесе қарғап ұрыссақ та,  еліміздің қоғамдық өміріндегі оның мерейтойының оқшау орнын жоққа шығаруға болмас.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхтар Шахановтың сайқымазақ суреті.

Тарихшы Кәрішал Асан Атаның “Призрак независимости” кітабында ақын Мұхтар Шаханов туралы айтылған сыни пікірлер лек-легімен тізбектелген. Мысалы, Мұхаңның адам құқықтары, Арал теңізі мен ана тіліміздің мәселелері жөніндегі іскер әрекеттеріне теріс баға қойылған-ды. Еліміздің өзекті мәселелерін сылтау етіп, өз жеке басының қамын жеген жазушының сауда-саттық қимылдары қазақ халқының дамуына нұқсан келтірді. Әрине, қызыл тілді Шаханов мырзаның айтылған сөздері біршама әсерлі естіледі. Алайда, сайраған шешендердің жалынды баяндамаларының орнына кең көлемді шараларды қолданғаны дұрыс. Адам құқықтарын қорғау үшін әкім сайлау жүйесін енгізіп, арнайы қызметтердің билігін азайту керек. Тартылған Арал теңізін қалпына келтіру үшін Сібір өзендерінің тундрада бұрқыраған артық суын шөлге айнала бастаған Сыр өңіріне бұру қажет. Ана тіліміздің деңгейін асқақтату үшін оны еліміздегі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде орнату керек. Осындай оң өзгерістерге жетелейтін жолда қыңсылып тұрған ақын-бақсылардың қажеттілігі шамалы.

Солдан оңға қарай: миллиардер Джордж Сорос, жазушы Шыңғыс Айтматов, ақын Мұхтар Шаханов пен президент Асқар Ақаев, 2001 жылы.

Әрине, мерейтойдың иесі өзінің билік ақыны, байлардың жыршысының асқан шеберлігін баяғыдан бері дәлелдеді. Оған қоса, Мұхаңның әрқашан әлеуметтік-саяси жағдайға орай қимылдағанын да жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, желтоқсаншылардың қорғаушысы  ретінде көрінуге тырысатын ақын сонау 1986 жылдың желтоқсанында “көтеріліске қатысып газеттегі қызметінен шығарылған М.Ақдәулетке: “Көттерің қышып алаңға неге бардыңдар?!” дегенін ұмытқан М.Шаханов, биліктің халықты алдау ойынына кірді де кетті” (Хасен Қожа-Түрк. “Шаханов – человек двухклассным образованием”). Осындай ыңғайшыл, билікшіл сипаттарымен Шаханов мырза орыстілді ақын Олжас Сүлейменовтен айнымайды. Семей атом сынақ алаңын жабуды Кешірім Бозтаев тәріздес мемлекеттік қайраткерлер талап еткен. Бірақ, Михаил Горбачевтың қайта құру саясатына бейім болған сәтте Олжекең “Невада-Семей” қозғалысын құрып, полигонмен арпалысатын батырсымақтай көрінді. Дегенмен, қазақ қаламгерлерінің ардагері басқаша жазады: “Менің естуімше, полигон мәселесін ұр да жық Н. Хрущевтың алдына әуелде Семей облыстық партия комитетінің 1-хатшысы М. Сужиков қойыпты, алайда “жүгеріші көсем” оған жұдырығын көрсетіп, орнынан тайдырып жіберіпті. Яғни күрес басталмай жатып тиылған. Ал тиымға бой бермес күрес 1989-жыл туа жоспарланды да жүзеге асты. Ол – туын обкомның жаңа 1-хатшысы Кешірім БОЗТАЕВ тік көтерген күрес” (Ғаббас Қабышұлы: “Бұл дүниеде “Кешірім Бозтаев” деген адам болған ба, болмаған ба?”).

 

Ол ол ма, даңқты сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өзі ақын Мұхтар Шаханов жайында сыни пікірін білдірді. Оның айтуынша: “Сіздерге қысқаша Мұқтар туралы айтайын. Мұхтар өзі жетім өскен жігіт. Екі класс школды бітірген. Два класа, Двухкласным образованием человек. Шымкентке алып келген Қалаубек Тұрсынқұлов. Содан кейін қалғанын, аттестатты ұйымдастырып бердік, не керек, “он жылдықты бітірді” деген (жұрттың күлкісі, “Техасшалап” десеңізші!”-деген дауыстар естіледі). Е, ия-ия, Техас… Пединститутқа түсірдік –- заочный да, заочный. Мұқтарға Пушкин, Лермонтов келіп қалыпты сұрағына, билетіне. Содан, отыра қалып өлең жазған ғой: “Мен орыстың өлген ақындары түгіл, тірісін де білмеймін”, — деп. Сөйтіп оқып болды. Бәрін айтып қойғанбыз ғой! Сөйтіп Мұхтар пединститутты бітірді (Ду күлкі). Содан, “Ақ бантикті” жазғанда да: “Көке, бантигіңіз не?” — дейді. “Бантик –- әлгі школьницаның тағып жүретіні”, — дедім”.

Сонымен, мерейтой иегері әдебиет пен өнер саласында табысқа жетпесе де, саясат пен тұрмыс-тіршілік саласында оның қадамы сәтті болды. Айтпақшы, 1989 жылы Мәскеудегі КСРО халық депутаттарының құрылтайында Мұхаңның президент Нұрсұлтан Назарбаевтан шапалақ алғаны рас екен. Кәрішал Асан Ата мен сазгер Хасен Қожа-Ахметпен қатар, КСРО мен өзбек саясатының ақсақалы да маған берген сұхбатында осы қылмыстық оқиғаны өзінше растайды: “Нет, это проявление эмоций было с обоих сторон. Это мы хорошо знаем, но если вы так вдумаетесь и вы грамотный человек… Тогда на съезде была очень напряжённая обстановка. Все хотели перемен. Все хотели выступить. Все хотели, чтобы по телевидению видели люди, что он выступает. Поэтому иногда это несознательно, иногда для популизма делали“.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
21 views

Leave a Reply