Жаңаөзендегі қақтығыстар жөнінде халықаралық БАҚ тиісті дәрежедегі мақалалар-репортаждарын шығармай жатыр. Тіпті, www.drudgereport.com және www.ap.com секілді әлем жұртшылығына танымал сайттар осы оқиғаларды тілге тиек етпейді. Шетел саясаткерлері де үнсіздікті танытуда. Болмашы лауазымдағы бірен-саран қызметкерлер ғана өз пікірлерін ортаға салды. Жетекшілердің нақты ұстанымы әлі белгісіз. Менің ойымша, шетелдіктер үшін мынадай жаңалық тосын көрінеді. Сондықтан, олар әзірше түбегейлі тұжырымды жасамады.
Қазақстанның билігі де қолынан келгенше ақпарат легін тұмшалауға әрекеттенеді. Жаңаөзен мен оның төңірегіндегі телефон байланысы мен интернет өшірілген. Бейне материалдарын түсіруге тыйым салынған. Тағдырдың тәлкегіндей, халық қанаушылары бүгінгі желтоқсаншыларды бұрынғы желтоқсаншылардай содырлар, маскүнемдер деп ғайыптайды. Керісінше, соғыс патрондарын қарусыз отандастарға жаудырған әскерилер мен милиционерлер психотроптық нәрселерді пайдаланған шығар. Әйтпесе, есі дұрыс адам шектен тыс шараларға жүгінбес еді.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.