Қоғамдық қайраткер емес — кәсіпкер
Қоғамдық қайраткер емес — кәсіпкер

Қоғамдық қайраткер емес — кәсіпкер

Views: 12

Әрқашан, қолымнан келгенше Украина секілді достас елге ақпараттық көмекті көрсетуге тырыстым. Оның ішінде, қырымтатар халқының мүшкілдеу тағдырының шиеленіскен жағдайлары оң шешімін тапсын деп, жанкүйер болдым. Мысалы, былтырғы 18 мамырда Киев қаласында өткен қырым-татар геноцидін еске алу шарасына қатысып, келесі мақаламды жаздым. Онда, Украинадағы Қазақстан елшісінің осы азалы жиынға қатыспағанының сынға алдым. Әрине, Мәскеудің шашбауын көтерген ақмолалықтардың бұл шараға барамағаның заңды құбылыс болса керек. Алайда, қырым-татар жетекшілері де оңып тұрған жоқ. Биылғы 4 қыркүйекте қырым-татар көсемдерінің бірі, Украина халық депутаты Мустафа Джемилевке қоңырау шалдым.

Я хотел бы, вот, если у вас немножко есть время, 10-15 минут с вами интервью сделать. Потому что в Казахстане, в Узбекистане, хотя эти страны близки крымским татарам, практически ваших интервью нету. Вот, если вы не возражаете.

Свяжитесь с моим секретарём. Я вам сейчас телефон перешлю.

Алло? Плохо слышно. 

Я говорю: свяжитесь с моим секретарём. Я вам перешлю сейчас  телефон её.

Аха.

Она насчёт времени договорится.

Солдан оңға қарай: Рефат Чубаров пен Данияр Наурыз, 2017.

Әлбетте, іскерлі Мустафаның кішігірім қазақ жазғышымен қауышуға қолы тимеді. Савик Шустер, Дмитрий Гордон немесе Евгений Киселёв тәріздес “бауырлас” тілшілермен Джемилев әпенді ұзақ сөйлесуге әрқашан дайын. Әрине, Түркия мен Украина президенттерімен жолығатын, Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесетін өте бай Мустафаның көздегені бауырластық емес — сыбайластық. Сондықтан, 2014 жылы орын алған Қырым аннексиясының барысында іскерлі “қайраткер” ымырашыл ұстанымы бойынша шегінді. Өйткені, ол жауынгер емес — саудагер.

Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап!” демекші, ғажайып Қырым түбегінен айырылған соң әлгі мустафалардың қарбаласынан қатардағы қырым-татар мен украиндықтарға не пайда? Алайда, олардың пысық басшылары үшін Қырым мен Донбас қасіреті — молшылықтың қайнар көзі. Осы бітпейтін жанжалдарды сылтау етіп, көл-көсір табысқа ие болады порошенко мен джемилевтер. Қарапайым украиналық салық төлеушілері, шетелдік ұйымдардың қаржы-қаражатын кең көлемде игерген әлгі “патриоттар“. Оған қоса, мен жігіт ретінде нені ұнатпадым? Қапаста отырған ақсақалдың нәзік хатшы қызының артында тығылғаны дұрыс емес, ер-азаматқа жараспайтын дүние.

Әйтеуір, жырақта жүрген кейбір бишара інішектерімізге қарай соншама қатал болмайық, дала ағайындар! 2017 жылдың 13 тамызында, Қырым татарларының басқа бір көсемі Рефат Чубаровпен бірге фотосуретке түстім. Оны да қанағат тұтқаны жөн.

Likes(0)Dislikes(0)
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply