Балет жұлдызының өшпес ізі
Балет жұлдызының өшпес ізі

Балет жұлдызының өшпес ізі

Views: 15

Төл өнеріміздің біртуар майталманы, еліміздің халық әртісі және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының  иегері Болат Ғазизұлы Аюханов (1938-2022) өмірден озды. Бірақ, балет тұлғасының орасан зор еңбегі, оның шабытты қойылымдары мен өткір мақалалары Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан өшпес дүниелер. Сонымен, 2022 жылдың 15 желтоқсанында Бөкеңмен қоштасу рәсімінде оның жұбайы — ҚР еңбек сіңірген әртісі хореограф Райхан Есназарқызы Оңғаровамен марқұм биші туралы әңгімелестік.

Балет жұлдызы өмірлік жарының айтуынша, Болат Аюханов жәй ғана балет биші ғана емес, сонымен қатар хореограф пен ұйымдастырушы ретінде ерекшеленді. Мысалы, Бөкеңнің балалық шақтың досы, әйгілі башқұрт балет биші Рудольф Нұреев көбінесе классикалық спектакльдерде биледі. Демек, Батысқа қоныс аударған башқұрт әртісі негізінен орындаушы болған. Ал, оның қазақ әріптесі орындаушы жетістіктерімен бірге, балетмейстер мен ұйымдастырушы ретінде де көзге түсті. Оның “Алматының жас балеті” шығармашылық ұжымы сонау 1960-шы жылдардың өзінде елеулі мәдени құбылысқа айналды. Оған қоса, ұлы биші Нұреевке қарағанда Бөкеңнің жалпы музыкалық сауаттылығы да жоғарылау болды. Оның өнертану публицистикалық мақалалары, әзіл-сықақпен өзгешелейтін шешендік сөздері де бір төбе. Шетелге гастроль сапарымен баратын Аюханов мырза ешқашан кіндік қаны тамған туған жерін ұмытпай, қазақ патриотизміне берік болды. Ал, Нұреев мырза өз кезегінде тарихи отанына сыймай, бөтен жұрттың топырағына көшті.

Кеңсайдағы биші Болат Аюхановтың жерлеу рәсімі.

Балетмейстер Аюхановтың үзеңгілес достары да — аудармашы Владимир Гайченя мен техникалық ғылымдардың кандидаты Виталий Степанович Исиков — марқұмның жайдары мінезі мен кішіпейілдігін еске алады. Бөкеңнің асына келгендердің арасында қоршаған ортаның қорғаушысы Мэлс Хамзаұлы Елеусізов пен мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлы Әуезов те байқалды. Ақмола қаласынан арнайы келген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев қаралы жиында сөз сөйледі.

Министр Дәурен Абаев, сол жақта, және журналис Данияр Наурыз.

Ең алдымен, астаналық бастық Бөкеңнің туыстарына көңіл айтты. Содан кейін, Дәкең балетмейстер Аюхановтың жарқын бейнесін ұлықтау мақсатында болашақтағы үкіметтік іс-әрекеттерге біраз тоқталып, әртістің еске алу сарабдал шараларды атқаруға уәде берді. Әрине, бас қаламыздан келген ірі жетекшінің сөйлеген сөзі игі әсер етті. Дегенмен, осы орайда қазақтың бір жаман әдетін тілге тиек етуіміз жөн. Мәселен, миллиардер Владимир Ни немесе саясаткер Кәрім Мәсімовтың әкесі Кәжімқанның жаназасына қазақтың басшылары мен алыпсатарларының көбісі асып-сасып, томпаңдап келді. Осы қансорғыштардың алдында бас иіп, қазақ дөкейлері оларды ақтық сапарына шығарып салды. Алайда, Болат Ғазизұлы тәріздес шығармашылық тұлғаны құрметтейтін қазақ олигархтары там-тұм. Бөкеңнің асында Болат Әбілев, Ораз Жандосов немесе Болат Өтемұратов сықылды пысықайлардың төбесі көрінбеді.

Likes(0)Dislikes(0)
15 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply