Жалпы алғанда, шығыс халықтарға тән шешендік жеме-жемге келгенде жиі қысыр кеңеске айналады. Мұсылман елдері іс жүзінде тұрақсыздау боп келеді. Мысалы, Түркия мен Иран біз үшін бауырлас мемлекеттер деп саналады. Кем дегенде, олармен бірге ортақ мәдениет пен тарихи жағдайлар баршылық. Түрік пен парсы тілдерінен ана тілімізге талай сөздер, мақал-мәтелдердің енгені жасырын емес. Олар да біздердің рухани байлығымыздан сәл-пәл үлгі алғандығы анық көрінеді. Сонымен, Таяу Шығыста орналасқан ағайындар елімізге оң қабақ танытуға тиіс еді. Бірақ, біздерге қарағанда олар ресейліктерді әлдеқайда жоғары бағалауда.
Мәселен, Қазақстан азаматтары Түркияға барғанда отыз күн ғана визасыз жүруге құқылы. Алайда, ресейлік азаматтар дәл сол мемлекетке барғанда алпыс күн бойы визасыз жүруге құқылы. Иранға баруы үшін, қазақтар виза алуға тиіс. Алайда, ресейліктер парсы жеріне визасыз кіре алады. Демек, түрік пен парсы билігі қазақтарды сәл салқындау қабылдап, ресейліктерді барынша күтуде. Өйткені, осы мемлекеттер үшін Ресей маңызды сауда мен туризм әріптесі болып табылады. Өз кезегінде, Қазақстан соншама қаржы мен саяси салмаққа иелігін етпейді. Көрдіңіздер ме, бауырластық туралы қызыл сөздерден гөрі шаруашылық мәселелері басымдылық етуде.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.