Көнетоз өнердің басымдылығы
Ескі заманның әдеби, музыкалық туындыларын тарихи ескерткіш ретінде сыйлағанымыз абзал. Өткен ғасырлардың әдеби мен
музыкалық шығармаларды мейлінше насихаттау керек екендігі – баршаға аян қағида. Бірақ, көне уақыттың жасампаздық мұрасын шектен тыс таратуын қателік деп есептеймін. Себебі, қазіргі кезеңімізге сай
ғылыми жетістіктерді қазақшалауға тиіспіз. Қалың ортамыздан шыққан Камиль Фламмарион, Яков Перельман, Джеймс Трефил секілді табиғи заңдарын оқырман қауымына түсінікті тілімен жеткізетін авторлардың
тапшылығы сезіліп тұр. Жоқ дегенде, жоғарыда көрсетілген ғылыми жазушылардың кітаптарын ана тілімізге аударғаны құба-құп болар еді.