Ішкіштер ассамблеясындағы вакханалия
Саңылауы бар отансүйгіш азаматтар әрқашан Қазақстан халқының ассамблея жөнінде сыншыл көзқарасын танытуда. Осы орыс
тілді ұйым мемлекеттік тіліміздің дамуына бөгет жасауда. Ұйғыр сепаратисттер секілді жік салушыларға қарсы үн қатпас. Әлгі ассамблея Маловодное, Шелек пен Маятастағы ұлтаралық қақтығыстарын алдын алу
үшін қурай басын сындырмады. Сонымен қатар, қажеттілігі шамалы ұйым унитарлық Қазақстанның мәртебесіне қайшы келетін федеративтік құндылықтарды дәріптеуде. Демек, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан
бірыңғай қазақ халқының ұғымын орнына қырық құрақ іспеттес «қазақстан халқы» деген сорақы баламаны ұсынылуда. Әрине, жоғарыда келтірілген деректер баршаға мәлім. Бірақ, Қазақстан халқының
…