дипломатия
дипломатия

Мәдениетсіз дипломаттардың империяшыл көзқарастары

Әлем тілдердің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның
халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның
ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілердің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізу үшін украин мен
қазақ тілдері лайықты құралдар емес.

www.europarl.europa.eu

 

Қытай дипломаттарының сыпайысыз қылықтары

Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабағын танытуда. Таяуда, бірнеше мелекеттердің
азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруге рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтер үшін мынадай
жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен
Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттерімен де қырғи қабақ.