Алыстан арбалағанша…
Шетелден келген делдал-кеңесшілердің шұбатылған легі қазақ қоғамның өміріне елеулі әсер етті. Болгариялық
Александр Миртчев хан қасында қарашы емей немене?! Қапқаздық Эдгар Салдузи жақында ғана сауда-саттық саламыздағы шонжарлардың бірі болғаны жасырын емес. Америқандық Джеймс Гиффен Қазақстандағы
мұнай мен газ өнеркәсіптің тізгіні ұстағаны есіңізде шығар. Өткен аптада, ресейлік іскер Игорь Егармин Мәскеуде ұсталып, басты жаңалықтардың кейіпкерге айналды. Үрейлі Рақат Әлиевтің қолшоқпары
саналатын Егармин, еліміздегі жарнамадан бастап қант өндіріске дейін ірі жоспар-жобаларды жіті қадағалады, су доп федерациямыздың құрметті президенті болған.
…