Жоғары технологиялардағы төменгі нәтижелер
Кеңсе былығы Қазақстандағы интернет пен басқа ғылыми
өнеркәсіпке тұсау салуда. Мысалы, елімізде сайтты ашқыңыз келсе, рұқсат алу үшін шамамен он күн күтуге мәжбүр боласыз. Ал, шетелдегі сайтты тіркеу үшін ғаламторда небәрі үш-төрт минут жұмсайсыз.
Бағасы да қымбат емес. Сыртқы интернетке шыққанда, біздің пайдаланушылар ай сайын 40-80 гигабайтпен шектеледі. Жылдамдағы да көңілдегідей емес. Ал, тіпті төрт жыл бұрын американдық «Комкаст»
компаниясы пайдаланушыларға ай сайын 250 гигабайтты ұсынған еді. Шапшаңдығы да таңқаларлықтай.