ханс фишеркёзен
ханс фишеркёзен

Фашисттердің Диснейі

Гитлердің сүйікті өнерпаздардың бірі кинорежиссер Рифеншталь мен
мүсінші Торак өнер сүйер қауымға белгілі болса, мультипликатор Ханс Фишеркёзен (1896 – 1973) айтарлықтай таныс емес. Жиырмасыншы – отызыншы жылдарда
шамамен мың жарнама анимацияларды шығарды. Екінші Әлем соғысы басталғанда, Германияның насихат министрлігі оған мультфильмдерді жасауға тапсырыс береді. Өйткені, тыйым салынған американдық өнімнің
орнын толтыру керек еді. Алайда, оның қырқыншы жылдарда түсірілген ғажайып түрлі-түсті мультфильмдер күні бүгінге дейін көрермендерді таң қалдыруда.