Қазіргі таңда, кекілді ағайындардың парламенті, Верховная Рада, алдындағы жиналған заңсыз тобыр 2013-2014 жылдардың Майданнан әлдеқайда төмен дәрежедегі жиын. Өз басым, биылғы майданның қалың ортасында өмір сүріп, куәгер ретінде бейтарап куәлігімді паш етуге әзірмін. Әлгі тобырдың басым көпшілігі — ішімділікке салынған пенделер. Ол ол ма, украиналық Верховная Раданың жанында “киіз үйлерді” тіккен оппозиционерсымақтардың арасында наша тартатын бейбақтар да аз емес. Әрине, олардың да қатарында Украинаның шын мәніндегі патриоттар баршылық. Мысалы, ұлтжанды украиндық ретінде Кировоград аймағының тұрғыны, күзетші Сашко Куйбеданы келтіруге болады. Александр мырза көне славян құдайларына сенеді, Донбастағы АТО-ға төрт рет қатысқан байырғы діннің әскери молдасы.

Алайда, “ағама жеңгем сай” демекші, президент Порошенконың жақтаушылары мен олардың оппозициясымақ қарсыластары жәй ғана саяси күрестің кәдімгі қатысушылары. Қысыр кеңес үшін “халық” пен “мемлекет” салиқалы ұғымдарын тілге тиек етіп, жеке бастың қамын ойлайды әлгі саясаткерлер. Сайып келгенде, ірі буржуазияның өкілдері, “диссидент” Михеил Саакашвили мен Петро Порошенко, екеуі де бірыңғай спектакльдің ойыншылары. Ертегілердегі батырлардай, Гүржістанның көрнекті қайраткері Михо үрей туғызатын құқық қорлау орындарының апанынан оп-оңай құтылды. Пысық миллиардер Порошенко Верховная Рада алдындағы алаңдағы көбінесе қайыршылардан құрастырылған тобырды ыдырата алмай жүр. Әлбетте, бұндай сын көтермейтін күлкілі жағдайлар саяси спектальдің басты нышандары болып табылады. Сонымен, Порошенко мен Саакашвилинің текетіресі Горбачёв пен Ельциннің арасындағы жасанды арпалысты еріксіз елестетуде.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.