Мәңгүрт басшыларымыз егемендігімізді таптап, елімізді қайтадан Ресейдің құрамына енгізуге әлек. Әрине, халқымыздың басым көпшілігі мынадай отаршыл саясатқа мүлдем қарсы. Сондықтан, былқ етпейтін билік екеш билік те қандастарымызды алдаусырату үшін көзбояушылық әрекеттеріне көшуде. Ғани Қасымов пен Талғат Мұсабаевтың патриоттық баяндамалары — сөз жүзіндегі қадамдар. Ал, Назарбаевтың ресейшіл шешімдері — іс жүзінде жүзеге асырылатын шаралар. Ресей және Беларусьпен ортақ парламентке қарсы Ерлан Қариннің ұлтжанды демагогиясы біреулерді жалған үмітпен жұбатады-мыс. Бірақ, кеден мен еуразиялық одақтарының аясында жүйелі түрде қабылданатын стандарттар мен талаптар тәуелсіздігімізді бірте-бірте жоймақшы.
Саясаттанушы Дос Көшім бұндай қитұрқы әрекеттерді әшкерелеп, тәуір пікірін жұртымыздың алдында паш етті. Оның айтуынша, сатқын биліктің пасық ниеттерін бүркемелеу үшін, ғарышкер Мұсабаев Байқоңыр ғарыш айлағын жөніндегі байбаламын салған-мыс. Байсалды зерттеушінің салиқалы тұжырымын мойындамасқа болмас. Ендігі кезек қалам ұстаған ғалымдардан, тапанша-мылтықты игерген сарбаздарымызға өтуге тиіс. Дөп тиген сөздерден кейін, дәл көзделген оқтардың сәті түссің!


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.