«Вечерний Алматы» газеті атымен қазақ мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы болса, затымен Ресейге адал қызмет ететін парақша. Сергей Магнитский ісін жөніндегі «Вечёрка»-ның ұстанымы Кремльдің парақор көзқарасынан айнымайды.
Олар 2013 жылғы 11 шілдеде «Вердикт по «делу Магнитского-Браудера» атты ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратын бастырып алды. ГУЛаг-тың ресейлік ізбасарлары изоляторына қамалған, Ресейдегі жемқорлықпен айқасқан батыл заңгер Магнитскийді құртты. Бірақ, «Вечёрка» Кремльдің адвокатына айналып, марқұмға (!!!) қарсы процестен мынадай байбаламды көшіріп алды: «Магнитский организовал уклонение от уплаты налогов по предварительному сговору группой лиц в особо крупном размере», — огласил решение судья Игорь Алисов». Ресей Федерациясының мүдделерін қорғайтын Ұжымдық қауіпсіздік ұйымынның реваншист әрекеттерін жырлайды Алматы қалалық әкімшілігінің жар астындағы орыс тілді жазғыштары. 2013 жылғы 11 шілдеде «Надёжный щит региона» мақаласында «Вечёрка»-ның жазғышы Александр Грибанов ФСБ-ның аналитигі Игорь Панариннің Орта Азиядағы тәуелсіз мемлекеттерге қоқан-лоқы көрсету үшін айтылған сөздерін келтірді: «Все силы и подразделения ОДКБ оснащены новейшим оружием. Скоро в Белоруссии пройдут масштабные учения сил организации. Будет проведена переброска крупных подразделений, в том числе и Воздушно-десантных войск на большие расстояния». Иә, солтүстіктегі жендеттер Арқанкерген мен Іле-Алатау паркінде болған қырғында өз қанды балақ табиғатын анық көрсеткен болатын.
Әлгі ресейліктер арасында экстремизм баяғыдан бері кең етек алған. Мәселен, Екінші әлем соғысы барысында орыс жазушысы Илья Эренбург «Убей немца!» ұранын тастады. Сонда, не? Битке өкпелеп, тонымызды отқа жағамыз ба? Нацисттердің хайуандығы үшін Бетховен мен Гетёні жазалаймыз ба? 1999 жылы «Запрещённые барабанщики» орыс рок-тобы нәсілшіл «Убили негра» әнін шығарады. Ксенофобияны насихаттайтын бұл ән Ресейдің жетекші телеарналары мен радиостанцияларының әуе толқынында жиі орындалған. Әрине, адамзатқа қарсы осындай «туындылар» скинхед, казачество секілді ұлтшыл-нәсілшіл қозғалыстарының қолтығына су бүркеп отыр.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.