Бот шабуылына тойтарыс
Бот шабуылына тойтарыс

Бот шабуылына тойтарыс

Views: 12

Соңғы үш ай ішінде, менің сайтыма келетін жалған пайдаланушылардың (зиянкес бот) саны күрт өсіп кетті. Демек, менің мақалаларымды жақтырмайтын белгісіз біреулер бұндай кибер-шабуыл арқылы блогымның қалыптасқан жұмысын істен шығаруға талпынады.

Менің "Flag Counter" есептегішімнің көрінісі.

Бір қызығы, өтірік оқырмандардың басым көпшілігі Сингапур деген кішігірім азиялық елден келуде. Менің сайтымның 14-жылдық тарихының ішінде небәрі екі-үш жүз шынайы сингапурлық оқырмандар блогымның жазбаларын зерттеді. Алайда, биылғы жылдың басынан санағанда,  12 000-нан астам өтірік сингапурлық оқырмандар  сайтымды қаптап, оның жұмысына қауіп төндірді. Оларды көбінесе Flag Counter есептесе,  Google Analytics және Jetpack Stats әдетте санамады.

Әрине, Cloudflare компаниясының Under Attack Mode (“Шабуыл астындажағдайы) көмегімен, қаптап кеткен зиянкес әрі жалған пайдаланушыларды залалсыздандыруға болады. Бірақ, үнемі қосылған “Шабуыл астында” жағдайы заңды пайдаланушылар мен сайт авторы үшін қолайсыздық туғызбақ. Өйткені, кесірлі боттармен бірге игі боттарға тосқауыл қойылар еді. Сонымен қатар, жаңа жазбаларымды құрастыру мен сақтау барысында едәуір қиналар едім: “Шабуыл астында” жағдайын өшіріп, ал біраздан соң оны қайтадан іске қосуға мәжбүр болар едім. Абырой болғанда, ағылшын мен орыс тілдеріндегі бірнеше техниқалық әдістемелерді зерттеп, бұндай келеңсіздіктерді жойып жібердім.

"Configuration Rules" санатымның көрінісі.

Ең алдымен, Cloudflare басқару тақтасының Configuration Rules (“Қалыптасқан ережелер“) санатына тиісті өзгерістерді енгізу қажет. https://web.archive.org/ және https://archive.is/ ғаламтор мұрағат қызметтерінің игі боттарына менің сайтымды қайткен күнде шолуға рұқсат бердім. Содан кейін, өзімнің “Мозилла Файерфокс” қалыпты шолғышымды да “Қалыптасқан ережелер“-нің ерекшеліктері қатарына енгіздім. Әлгі мұрағат қызметтері және шолғышымның User Agent (“Пайдаланушы агенті“) әлде IP Source Address (“Ғаламтор цифрлық мекенжайы“) деректерін анықтап, оларды “Қалыптасқан ережелер“-нің тиісті бөлігіне келтірдім. Демек, “Шабуыл астында” жағдайы істеген күнінің өзінде, менің жазбаларымды жариялау және мұрағаттау барысында ешбір кедергілер пайда болмас.

"Web Application Firewall" көрінісі.

Google мен Yandex секілді іздеу қозғалтқыштарының менің жазбаларымды автоматты түрде мұрағаттайтын spiders (“өрмекшілер“) үшін де арнайы рұқсаттарды орнату керек. Соның мақсатында, Cloudflare басқару тақтасының  Web Application Firewall (“Ғаламтор желіаралық қалқаны“) санатына қажетті өзгерістерді енгіздім. Дәлірек айтқанда, Known Bots (“Белгілі боттар“) үшін тексерісті алып тастадым. Сонымен, менің сайтымды іздейтін басқа пайдаланушыларға қызмет көрсететін іздеу қозғалтқышарының жұмысына да ыңғайлы жағдай жасадым.

Likes(0)Dislikes(0)
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply