Гүржістан соқпағымен жүргенде
Гүржістан соқпағымен жүргенде

Гүржістан соқпағымен жүргенде

Views: 2

2026 жылғы маусымның екінші жартысында мен шілденің басында Гүржістанды аралауға сәті түсті. Осы елдің өзгеше көріністері мен ерекше тұрғындарынан алған әсерлермен сіздермен бөліскім келеді.

Мухрани ауылындағы қорған.

Ең алдымен, Тбилиси түбіндегі Мухрани ауылына қондым. Ондағы ХІХ жүзжылдығында салынған Мухрани қорғаны Гүржістанның көрнекті соғыс кешендерінің бірі деп саналады. Сонымен бірге, осы елді мекенде танымал шарап түрлері өндіріледі.

Тбилисидегі көпір үстіндегі сувенир сатушылары.

Тбилисиге келген соң, тыныш Мухрани ауылындай емес, туристтерге құжынаған ірі қаланың жігерлі ырғағына тап болдым. Қытай, Қазақстан, Германия сияқты елдерден келген қонақтар Гүржістанның бас қаласы мен өзге елді мекендерін қарап шығуға әуес.

Кутаисидегі "Қалық банкі"-нің бөлімшесі.

Бір қызығы, Беларусь пен Ресей одақтассымақтардай емес, бізбен ешқандай бірлестікке кірмеген Гүржістанда қазақ экономикалық ықпалы мейлінше сезіліп тұр. Осындай тұжырымды қуаттайтын айғақтардың бірі — әлемдегі ең көне қалалардың бірі Кутаисиде орналасқан “Қалық банкі“-нің бөлімшесін келтіруге болады.

Гори қаласындағы оспадар Иосіп Сталин дүниеге келген үйі.

Өкінішке орай, Гори қаласындағы оспадар Иосіп Сталиннің дүниеге келген үйі жөндеуге жабылған. Сондықтан, ұлы кісінің кіндік қаны тамған баспананы аралап шықпадық. Бірақ, осы тариқи кейіпкердің мұражайы мен оққа төтеп бере алатын теміржол багонның тамашалауға сәті түсті.

Батуми қаласындағы Қара теңіз жағалауының көрінісі.

Аса маңызды ескерткіштер болмаса да, Гүржістанның ең қымбат қаласы Батуми туристер үшін өте тартымды елді мекен болып табылады. Қазақ қонақтарының саны да осы теңіз шипажайында көп екендігі жасырын емес. Алайда, бұл елде жаратылыс сұлулығы мен ескерткіштерінің құндылығымен бірге неше түрлі қиыншылықтар да баршылық.

Кутаиси әуежайындағы Гүржістан мен Еуропалық Одақтың байрақтары.

Еуропалық Одаққа көпе-көрнеу ұмтылса да, гүржі жұртшылығы көптеген жағдайларда Ресейге жалтақтап қарайды. Орыс бюрократиясынан үлгі алып, гүржі жетекшілері қарапайым жұрттың өмірін кеңсе былығымен шатастырады. Тамақ пен коммуналдық төлемдер, жанар-жағар май бағалары мейлінше қымбат. Бірінші рет Гүржістанға 2019 жылы келгенде, көптеген нәрселер әлдеқайда оңай орындалатын. Алайда, биылғы жорығымның барысында, кеңсе былығының үстемдігі едәуір өсті. Мысалы, кезінде ақша айырбастау мен ұялы телефон нөмірін құжатсыз рәсімдеуге болар еді. Қазіргі таңда, бұндай еркіндік жойылған. Тіпті, ортанқол теміржол билеті үшін төлқұжат талап етілуде. Ресей мен Қазақстанға қарағанда, Гүржістанның ішітарлығы байқалуда. Атап айтқанда, біздегідей оларда тегін банк карточкалары жоқ және карточканың абоненттік жылдық төлемі бөлшектеп емес, бірден алынады.

Likes(0)Dislikes(0)
1 view

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply