2026 жылғы маусымның басында, жол-жорығым мені Түркия еліне айдап әкелді. Осы сапарымның әсерлерімен сіздермен біраз бөлісемін. Айтпақшы, әнші Ермек Серкебаев сонау 2005 жылы Түркия жайында маған келесі пікірін білдірді: “Ол үлкен ауыл болып табылады“. Сөз жоқ, сол кезеңде мен кәрі өнерпаздың қысқа әрі нұсқа сөздерінің мағынасын толық түсінбедім.
Ыстамбұл қаласы шын мәнінде мысықтар үшін өте жайлы елді мекен екендігіне көзім жетті. Тіпті, көшенің жиегінде демалып жатады әлгі жануарлар. Олардың кірмеген тесіктер қалмаған. Түріктердің өзі оларды еркелетіп, әлпештейді.
Алпауыт қаланың метросында да мысықтар еркін қыдыруда. Олар шойын жолынан қорықпай, тура рельстің жанында жантаяды. Кейде, мысықтар рельс үстіне түсіп, шойын жолының бойынша тайраңдап жүреді. Қатал қалалық өмірдің сүреңсіз нақышына бұндай сүйкімді көріністер тың бояу беруде.
Түркияның бас қаласы Анкараның көрнекті орындарының бірі — саясаткер Ататүрктің кесенесі. Көне Таяу Шығыс, ескі грекиялық пен орта жүзжылдықтардың араб құрылыс өнерінің жетістіктерін біріктіріп, ірі ажарлы кешенді салғызды түрік архитекторлары. Меніңше, бұл кесене Рым қаласындағы патша Виктор Эммануил ІІ-ге арналған Vittoriano ескерткіш кешенін елестетеді. Сонымен, нақты бір үлгіні таңдамай, түріктер түрлі өңірлердің өнерін өнеге ретінде қабылдап тұр.
Бірақ, түрік еліндегі тұрақсыздау жағдай соғыс кісілерінің шамадан тыс санынан білініп тұр. Тіпті, Ататүрк кесенесінің жанында оқ жаудыратын бекіністі орнатты соғысқұмар түріктер. Мүмкін, билікке кенедей жабысқан түрік диктаторы Эрдоган “израиль“-мен соғыс жариялап, осындай қақтығысты сылтау етіп одан әрі елді басқармақ. Сайып келгенде, Қазақстан секілді бай елдердің арқасында Түркия жаңа Осман империясының негізін қалауға кірісуде.
Армян, курд, гүржі, грек, араб пен басқа ұлттардан кұрақ көрпедей құрастырылған түрік ұлты көбінесе сараң капитализмге берілген. Жұртшылықтың басым көпшілігі ұсақ саудаға белшесінен батып, өнер мен зерттеу сұрақтарымен шұғылданбайды. Жиі, қытымыр ашуланшақ түріктер кездеседі. Жомарт кісілер де аз емес. Алайда, олардың кең пейілі негізінен тұрмыстық жағдайлармен шектеледі. Жалпы, жер-шарының мәселелеріне қарай түріктер енжарлықпен қарайды. Тіпті, көптеген кафе-дүкендерде бірдемені сатып алсаңыздар, туалет үшін қосымша ақшаны төлеуге мәжбүр боласыздар. Анда-санда ғана “Always” сияқты жанар-жағар май станцияларында тегін туалеттерге тап боласыздар.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.




