Жабайы Есімов
Жабайы Есімов

Жабайы Есімов

Views: 0

Қазіргі Алматы ауылнайының біршама жетістіктері де баршылық. Мысалы, қала бойынша кез келген кісі үшін ашық жүздеген тегін спорттық алаңдар салынған. Алайда, шопанның сұлтаны Есімовтың артық қылайын деп, тыртық қылған іс-әрекеттері басым. Әлгі Алматы метро бекеттерінің біріне «Москва» бөтен атын қойылуы жоспарланған. Әрине, осындай қадам біздің егемендігімізге өз кесірін тигізер. Ресейдің құрамасындағы Қазан метросы бекеттерінің бірі — «Московская» аталатыны жұртшылығымыздың көпшілігі білмейтін шығар. Қазан мен Алматы метроларының тағы бір ортақ сипаты — дикторлар орысша сайрап тұр. Сонымен, татар ағайындары киген отаршылдықтың қамытын, шопыр Есімов қазекеңдерге де кигізуге дайындалмақшы. Шала сауатты, дүниеқор Ахметжан Республика Сарайы мен қалалық әкімшілігі сияқты тарихи мен сәулетшілік маңыздылығы бар ғимараттардың ерекше келбетін быт-шыт қылды. Құрылыс өнерінің туындыларын бейне-бір сауда-саттық мекемелерінің ұнамсыз фасадына айналдырды.

Республика Сарайының бұрынғы ажары.
Республика Сарайының бұрынғы ажары.
Республика Сарайының қазіргі жылтырауық түрі.
Республика Сарайының қазіргі жылтырауық түрі.

Үгіт-насихат саласындағы жағдайы көңілдегідей емес. Куянов, Грюнберг секілді келімсектер қаланың рухани мен ақпараттық ахуалын қалыптастыруда. Демек, шопыр Есімов қазақи мәдениетке немқұрайлықпен қарайды. Базар-вокзал пайдалы, жемісті болғай! Ал, рухани-мәдени байлықтарды өзге жұрттың өкілдері қадағалай берсін. Базарком Есімов, феодал Смағұлыштың тарихи мұрамызбен шаруасы жоқ.

Likes(0)Dislikes(0)
18 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply