Кеше, 2015 жылдың 30 қаңтарында, Мәскеудегі Қоғам ғылымдары бойынша ғылыми ақпараттың институты (ИНИОН) өртке шалынды. Халықаралық маңыздылығы бар мекемеге жойқын соққы берілген. Оның жұмысын қайтадан жаңғыртуы мен керемет ғимаратын қалпына келтіруі үшін бірнеше жыл кетер. Біріккен Ұлттар, ЮНЕСКО мен Ұлттар лигасының құжаттары, АҚШ пен Ұлыбританияның парламент есептері, славян тілдеріндегі кітаптардың жиынтығы тәріздес сирек кездесетін кітаптардың қорына ауыр зиян шектірілген. Адамзат мәдениетіне қарсы қылмыстың бірнеше себептер болуы ықтимал. Мүмкін, құнды құжаттарды ұрлаған кітапхана қызметкерлері заңсыз әрекеттерін жасыру үшін өрт салған-ды немесе Ресейге тән тәртіпсіздіктің салдарынан тиісті өрт сөндіру шаралары алдын-ала жасалмады.
Әлем тарихына көз жүгіртсек, ғаламат кітапханалардағы өрттер ірі мемлекеттер үшін жаман ырымға айналды. Мысалы, біздің дәуірімізден бұрын 48 жылы ықылым заманның ғажайып ескерткіші — Александрия кітапханасында Рим қолбасшысы Юлий Цезарь салған қайғылы өрттің нәтижесінде қырық мыңнан астам қолжазбалар жойылған. Тілсіз жаудың бұндай кесірлі құбылыстан соң көне Мысырдың тегеурінді мемлекеті құлдырап кетті. 1988 жылы Ленинградтағы КСРО Ғылым академиясының кітапханасы сұмдық өртке шалынды. Көптеген құнды кітаптар жойылған. Осы қасіретті апатты кейбір мамандар «мәдени Чернобыль» деп есептейді. Үш жыл өткен соң Кеңес Одағы деген алып мемлекет ыдырап кетті. Бәлкім, қазіргі өрт «халықтар қапасы» аталатын Ресейдің құлдырауы алдындағы нышандардың бірі.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.