Кадрлардың тапшылығы
Кадрлардың тапшылығы

Кадрлардың тапшылығы

Views: 32

Кеше, Қазақстанның үкімет басшысы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауыстырылған болатын. Әрине, авторитарлық еліміздегі лауазымдардың кезекті ауыс-түйісі күнделікті тіршілігімізге айтарлықтай әсер етпес. Соның өзінде, 2016 жылдың 8 қыркүйегінде қабылданған кадрлық шешімдер сарапшылардың сынына ілікті.  Қазақ ССР КГБ-нің бұрынғы басшысы, генерал Зақаш Қамалиденов телефон арқылы маған былай деді: “Бүгінгі жағдайды естідің бе? Масимов… Он же работу КНБ не знает“. Ардақты ақсақалымыздың кәсіби пікірін құптаймын. Расында, саудагер Кәрім Мәсімов, қаржыгер Григорий Марченко немесе дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев секілді КГБ агенттері құпиялы қызмет жұмысының анық-қанығын білмейді. Олар мансапқорлық ғана үшін анда-санда аталған комитеттің ұсақ-түйек тапсырмаларын орындап, ақырында жоғары лауазымдарды иеленді.

Саясаткер Кәрім Мәсімов жеке ісінің мұқабасы.

ҚР ҰҚК-нің бұрынғы жетекшілері — Әлнұр Мұсаев пен Нұртай Әбіқаев — қырғи қабақ болса да, бірауыздан кадрларымыздың тапшылығын тілге тиек етеді. Марқұм генерал Мәжренов те, сирек шығыс тілдерін меңгерген мамандарымыздың аздығына өкінген еді. Әлгі алыпсатар Мәсімовке қарағанда, бас тыңшының жылы орынымен қош айтысқан Владимир Жұмақанов та әлдеқайда тәжірибелі барлаушы болып табылады. Владимир Зейноллаұлының қабілеттерін мейірімді дәрігер Рахат Мұхтарұлы Әлиев те жоғары бағалаған болатын. Сонымен, “мәңгі” премьер-министр Мәсімов құпиялы полицияның тізгінін қолына алды. Әрине, бұндай лауазымнан гөрі қытай мен ұйғыр тілдерін игерген, ҚХР мен ҚР арасындағы сауда-саттық қатынастарының жілік майын шаққан Кәрім ака Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жетекшісінің орынтағына лайықты үміткерлерінің бірі де бірегейі.

Likes(1)Dislikes(0)
32 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply