1936 жылғы 9 көкекте, “Сациалды Қазағыстан” газетінде танымал қаламгеріміз Сәбит Мұқановтың “Әлі айтылмаған ән” туындысы жарық көрді. Оның едәуір қысқартылған мәтіні “Ол туралы ән мен күй” бұрмаланған атымен осында жарияланған. Енді, Сәбең шығармасының толық түпнұсқасын оқырман қауымына ұсынбақпын.
Мәскеу.
Мосторг.
Мың-мың жан.
Ішінде мен.
Мыңға мыңқ етпейтұғын үй биік, кең.
Күліп көптің кескінін сүйеді күн
Сұғып алтын тілдерін терезеден.
Құмыға портшкелер тартып шаңды,
Жаңа ауа жұтып жұрт демін алды.
Мосторг мырза —
Мыңдардың мұңын тауып
Ауадан өзгегеде сусын данды.
Бір топ тұр терлеп тығыз өшіретте.
“Кездеме ме керегің?
Ұн ба, ет пе?” —
Деп сұраса біреулер,
Терлеген топ
Жауап бермей қарайды күліп бетке.
“Жоқ! —
— дейді топтан біреу —
Тамақ, киім
Бар,
Бұл кезде қарын тоқ, бүтін иін.
Топ тұрған керек табар пластенке.
Тыңдамақ сұлу әнін, тәтті күйін!”
Кимелеп өшіретке кірдім мен де.
Өшірет өзенді өрлей көшкен сеңге
Ұқсап алды азайса,
Арты қаптап
Барады жылжып
Алды кеткен жөнге.
Леніннің ордені бар қазақ малшы
Пластенке тұсына тұрып қарсы
— “Шырағым! —
— деді маған —
Әне біреу
Күй табағын көп қылып
Сатып алшы!”
— “Табақ па сізге таңсық?”
— “Сандығы да
Керек,
Ақшам жетеді барлығына
Бір мың сомды осыған жұмсап, тағы
Киім кешек аламын қалдығына“.
Әуелі ақылдасып дедім —
— “Ағай!
Патепон алуыңның мәні қалай?”
— “Шырағым! —
— деді малшы —
Драп пәлтө,
Барқыт, жібек, бастонды алдым талай.
Киім мен, кеңес қылма, тамақ жайын!
Тұрған жоқ мендей болып бұрын байың.
Салтанат, сәнді тұрмыс, сауық керек
Көңілім көкке өрлеп өскен сайын!
Шырағым мәнім солай” —
Деп ол күлді,
Алдымызға сатушы
Әйел келді.
Сыпайы сөз, әдепті көз қарас пен
Сұраған патепонды алып берді.
— “Қай ұлттық керек — деді — пластенке?”
— “Жетерлік қазақшаны берді өлке.
Мейілі кімдік болсын сұлу әнді,
Ұғуға деме, жолдас маған ерте!”
Құлағын патепонның, қойып бұрап,
Бір неше пластенке алдық сұрап.
Ойлы кескін,
Ұғымды көз қарас пен,
Малшы ән мен күйлерге түрді құлақ.
Көп әннің тұрсадағы ұқпай сөзін.
Ырғақтың толқынына көміп өзін,
Ән менен бірге толқып,
Қосты әнге
Ырғалған бар денесін,
Қасын, көзін.
Кездессе ұнамсыз кей ширпотреп
“Әншейін ермек екен мынауың” деп
Сатушыға қайтарды, сондадағы
Таңдаған табағынан алды ол көп.
— “Осылар —
— деді әйел —
Бізде бары!”
— “Керегім табылған жоқ түгел әлі“.
— “Тағыда не тілейсіз?”
— “Сталінге
Шығарған әншілердің барма әні?”
Сатушы жауап берді
Басын шайқап.
Мен малшының түріне тұрдым байқап.
Кескін, ренішті деді маған
— “Жоқ дейме,
Мына әйел нені айтад?”
— “Жоқ дейді“.
— “Онысының мәні қалай?”
— “Лайықты Сталінге әнді ағай
Шығару оңай емес…”
— “Не себепті
Сталін әні қиын,
Өңге оңай?“.
— “Себебі:
Емес көсем көптің бірі
Қалам,
Бояу,
Дыбыстың жетпей тілі
Жүр оған...”
— “Көңіліне ауыр алма
Білемін бұл сөзіңнің бар деп міні.
Мисалға алшы өзің
Майымбетті
Қаламға болмасада қолы епті
Оқыған топ ақынды басып озып
Қалайша суреттеуге сөзі жетті?
Кернеді бойын неге күй шыдатпай?
Сөздері тасты тескен мұз бұлақтай
Құйылды неге тасып?
Еңбекшіден
Тыңдайды оның сөзін кім ұнатпай?
Жайлауға жазғы жасыл қонып ауыл
Жиылып алқа-қотан кешке қауым
Майымбет ән шырқаса,
Сталінге
Арнаған үні бейне болып дауыл
Жер шарын неге жаппай кетті қаптап?
Пашизм бөгетінен қалай аттап
Өтті ән?
Жер жүзінің жұмыскері
Ол әнді неге түгел алды жаттап?
Себебі, Майымбеттің көпке ұнаған.
Өзгеге күңгірт болса ашық маған.
Құралы темір емес сыр тербетер
Жалынды жан сөзіне жүрек қалам.
Тілдері күрмелегеннің жүрегі шат.
Шаттығын жасырады кей депламат.
Ал, кей біреу жазам деп жұлқынса да
Ар жағында тасыған таланты шақ.
Кей күшті ақындар бар ізіне сақ.
Көсемге болмаған мен жүрегі шат.
Сүрініп қалам ба деп сөзге сараң
Түлкі жортақ, қарашыл аттай жалтақ.
Әнші, ақын, суретші жүрген еп пен,
Батыр боп үлгі алсын Майымбеттен
Бұлағын бөгемесін бүгежектеп
Бар болса жүрегінде қайнап тепкен.
Ақын сөзді ағытсын, әнші әнді.
Суретші бояуына берсін жанды.
Суретте, әнде, сөзде Сталіннің
Бейнесі көркем түрде болсын мәңгі.
Жауына ол айбынды қыран бүркіт,
Жолынан жосылады жауы үркіп.
Досына дүниедей бейілі кең
Тұрмайды сөзін, сырын, бойын іркіп.
Мен өзім мәжілісте талай көрдім.
Сан рет қолын ұстап сәлем бердім.
Жұмсақ сөз, жылы шырай, жақындық пен
Сұрады жайын талай сүйген елдің.
Адамды көрген емен мұндай жатық.
Сөзі бір айнымайды дәмі татып
“Сіз” емес “сен” мен сөйлеп,
керегімді
Сұрап ап, рақатқа қалдым батып.
Сталін еңбекшіге емес қиал
Тілін тапса, ән менен сөзге сиар
Адам ол.
Олай болса, ақын інім
Оған лайық ән қиын деуге ұял.
Болшебік бұзбайтұғын қамал жоғын
Көсемнің өзі айтқан...”
— “Дұрыс оның!” —
Деп дауымды доғарып,
Сөзіне ден
Қойдым да бақташының қыстым қолын.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
