Парсы бағытындағы бетбұрыс
Парсы бағытындағы бетбұрыс

Парсы бағытындағы бетбұрыс

Views: 0

Соңғы жиырма жыл барысында, жаңа атауларымыз пайда болды. Олардың көбісі парсы тілінен шықты. Мысалы, «мәжіліс», «қаһарман», «Астана» және тағы басқалар. Ол ол ма, жағымсыз естілетін «дәріхана», «мейрамхана» немесе «мәйітхана»-лар лег-легімен шұбатылып тұр. Ана тіліміздің қорындағы кірме сөздерді жоққа шығармаймыз. Бірақ, шет тілдерден алынған сөздердің саны шектен тыс шықпасын, олардың сапасы да төменгі дәрежеде болмасын.

 

ЮНЕСКО журналының мұқабасы.

Келмеске кеткен империяның орысшыл нөкерлерінің сұмпайы «ведомство» мен «отставка»-мен қатар, көнетоз парсышыл баламалар да артық боп көрінеді. Онанша, төл мәдениетімізге жақын түркі-монгол ұғымдарын пайдаланғаны дұрыс деп санаймын. Француз лексикографтарының ана тілінің тазалығын сақтауға арналған бастамаларын қолдап тұрмын. Мысалы, ағылшын «компьютер» ұғымы орнына, олар французшыл құлаққа жағымды естілетін «ординатёр»-ді қолданысқа енгізді.

Likes(0)Dislikes(0)
11 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply