Тоқаевшыл құқық “қорғау” қызметкерлерінің жұмысы негізінен бейқам екендігі баяғыдан бері белгілі болды. Әлгі “офицерлер” өзінше нән болып, кімді жазалау, ал кімге кешіріммен қарауды еркін түрде таңдайды. Яғни, бейтарап болуға тиіс қызметін саудаға салып, қытайсүйгіш тоқаевшылдар іскерлік танытуда.
Үш жыл бұрын, 2020 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласының орталығында жол жүру ережелерінің өрескел бұзылуы орын алды. Фурманов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында құрылыс материалдарын таситын нөмірі B 628 FEO жүк машинасы тротуарға шығып, жаяу адамдар үшін қауіп төндірді. Әрине, бұндай заңсыздықты жергілікті полицайлердің бірнеше бейнекамералары тіркеді. Және жеке тұлғалар да өз смартфонына осындай жолсыздықты түсіріп алды. Дегенмен, жол жүру ережелерін бұзған жүргізуші ешқандай жазаны тартпады. Айтпақшы, тротуарда жайғасқан жүк машинаның қасында ішкі әскер қарауылы өтті. Әрине, қарауылдағы жауынгерлер кінәлі жүргізушіні жазаламады. Мүмкін, асығыстағы ішкі әскердің солдаттары терроризм, экстремизмнің өкілдерімен арпалысуға бет алған.
Көп ұзамай, заңсыз оқиға туралы Алматы қаласының полицайлеріне ақпарат берілді. Алайда, заңмен қарастырылған тиісті шараларды қолдану орнына, осы арызды жергілікті құқық “қорғау” қызметкерлері бас қаламыздағы Ішкі істер министрлігіне жүктеді. Абырой болғанда, керенау полицайлер жол жүру ережелерін бұзған жүргізушіні ұстап алуға арыз берушіні міндеттемеді.
Салыстырмалы түрде, мүлдем басқа мысалды келтіремін. 2020 жылғы 10 маусымда, Қызылорда аймағы арқылы 1995 жылғы 19 қыркүйекте туған тараздық жүргізуші (оның контактілері: +77079077872, [email protected]) досымен бірге екі жеңіл автокөлікті Батыс Қазақстаннан туған қаласына қарай айдады. Айдалада зымырап өткен қос машинада бір фара істемеді. Демек, күңгірт тартқан елсіз жолда қос жүргізуші алдындағы бағытты онша ажырата алмады. Бірақ, айдаладағы түнгі сапарда бір фара істесе де, жеткілікті емес пе? Дегенмен, парақор қызылордалық полицайлер бейнекамерадан байғұс тараздық жүргізушілерді байқап, оларды тоқтатып алу үшін автокөлік полицайлерін жібере салды. Әрине, айыппұл салуға құмар қызылордалық жемқорлар момақан тараздық жігіттерге кенедей жабысып, өз құрбандарын ақшалай түрде жазалады. Мүмкін, жазықсыз жүргізішілерді сүліктей сорған полицайлер бұндай “ерлік” үшін марапаттау қағаз, медаль алған. Әйтеуір, қылмыскер тобырының жандайшаптарынан айнымайтын бұндай сорғыш сүліктер зейнеткерлікке де ертерек шығады, ипотеканы да жеңілдікпен төлей салады.
“Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса” демекші, киргиз-қайсақтарды жіті қадағалайтын Путин-Тоқаевтың қытайшыл жендеттерінің тыйылатын түрі жоқ.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.