Сезікті апаттар
Сезікті апаттар

Сезікті апаттар

Views: 1

Михаил Горбачев ұйымдастырған қайта құру барысында талай құпиялы оқиғалар орын алды. Олардың арасында, күмәнді апаттарды тілге тиек ету керек. Жергілікті сатқындар қиянат келтірді ме, әлде шетелдік диверсанттар арнайы операцияларды өткізді ме? Әйтеуір, түрлі сала мен аймақтарда бүкіл ҚСРО-ны дүр сілкіндірген қайғылы оқиғалар сексенінші жылдардың соңында жиілеп бастады. Алып мемлекетті қиратуға жол ашқан тәртіпсіздіктер…

Электроқуат бағанасы апатының суреті.

 

Мысалы, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электростанциясында орын алған жарылыс бүкіл кеңес энергетикасына жойқын соққы деп есептеуге болады. Сол замандағы мұнай мен газға күрт төмендеген бағалармен бірге осы апат шикізат саласына орасан зор нұқсан келтірді. 1988 жылдың 14-15 ақпанында Ленинградтағы ҚСРО-ның Ғылым академиясының кітапханасындағы сұмдық өрттің салдарынан шамамен 400 мың кітаптар жойылған. Отандық мәдениет пен ғылымға елеулі зиян жасалған. 1989 жылдың 4 маусымында Башқұртастан территориясынан өтетін газ құбырының жарылысынан екі шойынжол тізбектерінде кемінде 575 жолаушылар мен теміржолшылар қаза тапты, жүздеген адамдар мүгедекке айналды. Көлік пен коммуникация саласында бұрын соңғы болмаған апатты дұшпан әрекеттерінің қатарына қосуға болады.

Likes(0)Dislikes(0)
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply