1937 жылғы 12 желтоқсанда, Қазағыстан Собет жазушылары ұйымының праблениасының “Қазақ әдебиеті” газеті белгілі қаламгеріміз Сәбит Мұқановтың “Еңбек“-тің ұлы” мақаласын жариялады.
Есіл өзенін көргенде атақты Асан-қайғы айтыпты мыс: “бетіңде бір елі қаймағың бар су екенсің сүзіп құйып алар едім, жан торсығыма симайсың-ау!” деп жүректен қайнап шыққан қанды денеге тегіс таратып тіршілігін сақтайтын күре тамыр қандай болса, Есіл елге сондай. Ол елдің емізігі. Ол Арқаның шөлейт кеудесіндегі жүрегін жара, жерден қайнап шығады да, құба өңді қырды кезіп қуқыл өңін құлпырта жасыл жібектей өсімдікке жайнатып, жортып отырып Ертіске құяды.
Ұзындығы екі-үш мың шақырым жерге созылатын осы Есілдің өн-бойын мекендеген елдердің біреуі — Қызылжар (Петропауыл) қаласының күн батысында, сексен шақырым жерде тұратын Андағұл-ырсай. Бұл елде қалықты сатып патшадан шен-шекпен алған ХІХ-ғасырда Зылқара, Шопан деген екі адам болған.
Зылқара Петрборға барып генерал-майор шенін алып қайтқаннан кейін Есіл өлкесінде отырған Уанас деген елді қан-жоса қып қырып жойып салдаттың күші мен Есіл бойынан 50-60 шақырымдық қоныс алған.
Реболюциаға шейін Есілдің кең алабына Шопан тұқымынан басқаның малының тұяғы, өзінің орағы тиген емес.
Зылқара, Шопан тұқымдарының он бес шақты үйі бауыр басқан Есіл өлкесінде, солардың бұрынғы қарашылары — еңбекші шаруадан құралған бес қалқоз бар: “Еңбек“, “Өктәбр“, “Талапкер“, “Өрнек“, “Жеке көл“. Бұлардың бәрі де бір сыбағаға қандай бай қалқоз бен болса да таласа алады. Өз ара бой теңестіргенде бұлардың ішінде ағалайтыны “Еңбек” қалқозы.
Есілдің биік, жазық жар-қабағына салынған “Еңбек” қалқозының поселкесі көзге алыстан шалынады. “Еңбек” те 120 дай үй бар. Бұл қалқоздан мыжырайған шым үйді емге іздесең таба алмайсың, екі бөлмеден, төрт бөлмеден салынған ылғи көк шатырлы ағаш үй. Оның оқтай түзу көшелерінің орта кезіндегі алабында жеті жылдық үлкен қарағай мектеп; сол арада клуб, клупта радио, телепон, белиарт; жанында пудбол, уалибол ойнайтын орындар. Қалқоздың бір шетінде ағаштан қиып шұбалта салған ұзын-ұзын мал қоралары астықтың сарайлары. Сарай мен қораның тұрған орны, 120 үйлі қалқоздың өз орнынан көлемді болмаса кем емес.
Соңғы екі жылдың екеуінде де, қалқоз 50 мың пұттан астық алған. Қалқоздың үкіметке бересісін қоғамдық қорын түгел шығарып, қалған табысты қалқозшыларға бөлгенде: жылқы бағатын Қыдырәлінің Қалиының жалғыз өзі 800 пұт астық, сауыншы — Оралды келіні Сағиланың жалғыз өзі 500 пұт астық алған.
Бұл қалқозда астық пен мал бәсекеленіп өседі. Көлем мөлшері теңбе-тең малдың қоралары жылда астық сарайынан кем толмайды. Мыңнан аса қой жылында екі қоздайды… Мал іш тастау бұл қалқоздың әдетінде қалқоз болғалы жоқ… Айғырдан шыққан бие, құлындауға, бұқадан шыққан сиыр бұзаулауға міндетті. Сондықтан үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр.
Малдың табыстылығы сондай: жалғыз биенің сүмесінен ғана, өздері күнде қанып ішетін қымызды қоспағанда, бір жазда қалқоз 140, 150 мың табыс түсіреді. Бұрынғы заманда жарлының жалғыз керігі өмірінде құлындамайтын, оған себеп: қысы-жазы басы-көзінен төпелеп міне беретін. “Еңбек” те малдың төлді болатын себебі: төл малына түсер күш жоқ, олар жұмысқа жегілмейді, жаны қиналмайды. Үйткені жұмысқа арнаулы көлік өзі көп.
Бұл арада біздің “көлік” деген сөзіміздің өзі бұрынғы мағнасында емес. Бұрынғы көлік: өгіз бен ат. Кәзіргі көліктің ішінде, трактор, комбайын, аптамабел бар. “Еңбек” тің қасындағы Покропкеде тұратын МТС тың үш трактор, екі комбайының “Еңбек” жыл сайын бұра бастырып қолынан шығарған емес. Ұлан байтақ мол егінді жыртатын да, оратын да, соғатын да осылар. Өгіз бен ат осыларға жәрдемші. Сондықтан аттарының жалы доғадай, өгіздерінің құймышақ майы тостағандай болудан бір танбайды. Өз ақшасына сатып алған қалқоздан екі үлкен грузабик бар. 80 шақырым жердегі Қызылжардың елебатырына бұлар күнінде әлде неше барып қайтады. Бұрын таң ертең ерте шығып кешке зорға жететін Қызылжар, кәзір — баласын емізіп ұйқтатқан әйел, баласы оянғанша барып қайтады. Көлік үстіне көлік бола берсін дегендей, бұл қалқозда белесәпетті екінің бірі, егіздің сыңары алған. Жұмыстан қолы босаған кезде қалқоздың тақтайдай тегіс, оқтай түзу көшесі мен қалқозшылар беләсепетін жарқылдатып жортады да жүреді.
1930-1932-жылдары Қазағыстан өлкелік партиа комитетінің ескі жол басшылығы ауыл шаруашылығында перегип жасап, қалқозшыларды жүдеткенде, “Еңбек” те жүдеді. Бірақ “Еңбек” тің мақтанатын бір жері — перегип пен пайдаланған тап жауларының уысына түсе қоймады. Қалқоз құрлысына шын ынтасы мен берілген еңбекші шаруалар, перегипті партианың түзететініне көзі жетіп, мал-мүлкін жауға ысырап қылдырмады.
Осы кезде, 1932-жылдың басында “Еңбек” тің құлағына шаттық қабар шалынды. Ол қабар — Қазағыстанның ауыл шаруасында болған перегипті Сталіннің өзі естіп, өзінің ең сенімді шәкіртінің біреуі Леон Исайібіш Мірзоянды жіберіпті.
… Қабар ырас болды. “Еңбек” те Мірзоян жолдастың өзі келмеген мен сөзі күнде келіп жатты. Жүз процент қалқоз мүшелері шаруаны, мәдениетті қалай өркендету туралы айтқан ақылдарын газеттен оқып, көңіліне мықтап тоқыды. Егіншінің де, мәдениетшінің де Мірзоянның сөзі өзіндей елестеп, барлық істерінде Мірзоян жолдас қастарында жүргендей болды. Мірзоян келе, перегипті түзеп, шаруасын қызу қарқын мен алға бастырған ауыл шаруасының “Еңбек” алдыңғы қатарында болды. Міне, сол адымнан жаңылмай, шегінбей, “Еңбек” соңғы жылдарда миллионер қалқозға айналды. Қазағыстандағы ең үлкен, ең бай қалқоздың біреуі деген атқа ие болды.
Бұл байлыққа, бұндай шат тұрмысқа жеткізген Сталін екенін, Сталін айтқан нұсқауды бұлжытпай орындап Қазағыстанды, собеттер одағының алдыңғы қатарындағы елдің біреуіне Сталіннің сенімді шәкірті Мірзоян екенін “Еңбектің” барлық жаны жақсы біледі. Сондықтан олар Мірзоян жолдасты “Еңбек” тің өз адамына, “Еңбектің” өз мүшесіне, “Еңбек” тің өз ударнигіне есептейді.
Сондай сүйікті адамды — Мірзоян жолдасты “Еңбек” тің мүшелері бір көруге ынтызар боп жүргенде, 1936-жылдың күзінде “Мірзоян Петропауылға келіпті” деген қабар алынды. Сол күні қалқозшылар жиналып, “Мірзоянды қонаққа шақыр” деп басқармадан өтініш етті.
Қалқоздың бұндай байлыққа жетуіне бас себепкер Мірзоян — десті қалқозшылар басқармаға — соның айтқан ақылы мен біз осындай даражаға жеттік. Қалқоздан кеп дәм татсын, шақырып әкел!
“Еңбек” тің қалқозшылары мен басқармасы бірін-бірі тыңдампаз, силампаз. Олардың байыған бір себебі осындай басқарма мен қалқозшылардың бірлікшілдігінен. Сондықтан басқарма қалқозшылардың сөзін мақұлдап, Петропауылдағы Мірзоян жолдасқа қат жазып кісі жіберді.
“Еңбек” Мірзоянды сырттан қандай жақсы білсе, Мірзоян “Еңбек” ті де сырттан сондай жақсы білетін. “Еңбек” тің Сол түстік Қазағыстан обылысындағы ең алдағы қалқоздың бірі екені Мірзоян жолдасқа алақанындағыдай айқын. Сондықтан ол “Еңбек” тің шақыру қат әкелген адамдарына “барайын” деп уәде қылды да, сентәбрдің орта кезінде қасына Ораз Исайып, Мақсым Амосып жолдастарды ертіп “Еңбек” ке жөнелді.
“Жақсыда жаттық жоқ” деген мақал бар. Жақсыны қалық қашанда жатырқаған емес, жақсы, қалықты қашанда жатырқаған емес. Жақсының жақсылығы да, қалықтың жақсылығы да осындай бір-бірін жатырқамауында, бірінің бірі тілін білуде, бірін бірі жақсы көруде.
“Еңбек” қалқозының сыртқы көрінісіне көзі тойған Мірзоян жолдас, қоналқаға даярлаған үйге күлімдеген, жадыраған кескін мен келіп тоқтады.
— Қайсы, кәне?.. деп күбірлеген сұрауларға Мірзоянды көрген қалқозшылардың біреуі:
— Әне! — дегенде жан жақтан естілген сөздер:
— “Жақсыны көрмек үшін” деп көруге құмар едік, өзін оңдап тұрып көрейінші!
— “Ат ерінді, ер мұрынды келсін” деп еді, батыр жоталы, ер кескінді кісі екен!
— “Түсі игіден түңілме” деп еді, өзінің түсі қалай жылы!…
— Егіннің төлдеуі малдан кем бе?
— Машине де төлдеп жатқан жоқ па?
Қалқозшылардың не айтып тұрғанын Мірзоян жолдас сөзінен көріп, олардың көзінен ұқты. Жылы жүзбен күлімсірей қараған көптің көзінде “бақытты тұрмыс берген Сталінге, оның шәкірті саған мың алғыс!” деген жазу айқын оқылатын еді.
“Еңбек” те Мірзоян жолдас бір күн, бір түн қонақтады. Бір сөткеде ол қалқоздың жерін де, қаласын да, тұрмысын да тегіс көрді. “Жақсыда жаттық жоқ” деп ойлаған қалқозшылардың Мірзоян жолдас көңілдегі жерінен шығып: еркек пен де, әйел мен де, кәрі мен де, жас пен де, қойшы мен де, сауыншы Сағила мен де, жылқышы Қали мен де, мұғалім Зұлқарнай мен де, пионер Ғабдығани мен де туысқандық шырай мен жүрегін аша сөйлесті. Осы кеңесте ол қалқозшылардың бай тұрмысына шаттану мен қатар бұдан да артық баюдың жолын сілтеді. Осы сілтеген жол мен, “Еңбек” байлығын бұрынғыдан да арттырады, арттыраған сайын Мірзоян жолдасқа алғыс айтты.
Бұл алғыс жалғыз “Еңбек” тің ғана аузында емес, Қазағыстанның барлық собет азаматының аузында. Елдің байлық тұрмысын күндеп көзін жұматын қара ниет пен жаулар ғана Мірзоян жолдастың Қазағыстан еңбекшілеріне бақытты тұрмыс жасасқанын көргісі келмейді.
Еңбекші бұқара Мірзоян жолдасты өзінің туған ұлына, шын жан-ашырына есептейді. Әр-бір сеқ, әр-бір шақты Мірзоянды өзінің жұмыскері деп санайды, әр қалқоз өзінің мүшесі деп санайды. Олардың Ұлы собеттің депутаттығына кандидат қып Мірзоян жолдасты ұсынатын себебі осы. Соның біреуі — “Еңбек“.
Мірзоян жолдас қазақ қалқының ардақты ұлының біреуі.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.

