Қайдағы неміс сапасы?!
Қайдағы неміс сапасы?!

Қайдағы неміс сапасы?!

Views: 1

Шетелдіктерді асыра мақтаған ағайындарымызға құлаққағыс: лепірме сөздеріңізді біршама азайтыңыздар. Атақты фирма-мекемелер де көптеген жағдайларда мүлт кетеді. Бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында «неміс сапасы» деген құдіретке толы ұғым жиі қолданылады. Жасыратыны жоқ, Германияда шығарылған өнімнің жоғары дәрежедегі сапасына талай рет өзіміздер куә болдық. «Мерседес» автокөлігі, «Люфтганза» әуе жолы секілді керемет тауар-қызметтерін бүкіл әлем таң қалып құрметтеуде. Алайда, сапасы нашар неміс өнім-қызметтері де баршылық.

Клавиатурадағы күлімсірейтін тетіктер мен қайғылы клавиша.

 

Мысалы, Германия бойынша екінші орынға жайғасқан «Эйр Берлин» (Air Berlin) әуе компаниясы бірнеше рет жолаушылардың дорба-чемодандарын тонап ұстады (жолаушылар пікірлерін оқып шығыңыздар) немесе ресейлік мүгедектердің делегациясын ұшаққа кіргізбеді. Өз клиенттерінің заттарын ұрлауы, жарымжан қауымын қинауы не деген қаскүнемдік?! Неміс дипломаттары мен қазы-билері қазақ әйелін жол апатында өлтірген маскүнем консул Штефан Лаасты (Steffen Laas) жан аямай қорғады, қапастан сақтап қалды. Қанды қол Лаасты тиісті жазадан құтқаруы барып тұрған әділетсіздік емес пе?! Ал, егер кез келген тарихшы Екінші әлем соғысында қаза тапқан еврейлердің ресми санының дәлдігіне күмән келтірсе, неміс қазы-билері пікірі оқшау ғалымға қатаң үкімін шығаруға әрқашан дайын.

Likes(0)Dislikes(0)
15 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply