Құбылмалы ағайындар
Құбылмалы ағайындар

Құбылмалы ағайындар

Views: 0

Ата-бабалары Сібірден шықса да, қырғыздар еліміздің ең жақын жұрттарының бірі болып саналады. Данышпан Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының көбісі қазақ тақырыбына арналған. Алматыдағы желтоқсан оқиғасын кезінде өзге ұлыстардың арасында қырғыздар бірінші боп қол ұшын беруге әзір еді. Тілдеріміздің ұқсастығы да едәуір рухани бауырластықты білдіруде. Бірақ, ежелден келе жатқан ортақ сипаттарымен қатар алауыздықта апаратын жәйттері де қылтиып шығуда. Қазақстандағы диктаторлық тәртіп осындай келеңсіздіктерді пайда болуына түрткі етті. Қырғыздардың маскүнемдікке салынғаны, олардың қоғамындағы бітпейтін аума-төкпе заман да екіжақты қарым-қатынастарға белгілі дәрежедегі нұқсан келтіруде. Көршілес Қазақстанды пысқырмай, алыстағы Ресейдің әскери күшін өз мемлекетіне кіргізді маңқа қырғыз.

Қырғыз тәртіпсіздігі салдарынан қиратылған жеңіл автокөлік.

Алатаудың ар жағындағы ағайындар ресейлік әуе күштер базасын кімге қарсы бағыттамақшы? Оңтүстік астанамызды бомбалауды көздей ме? Қазақ пен өзбек көршілеріне ресейлік баскесерлер арқылы қоқан-лоқы көрсетіп, Мәскеудегі қырғыз сыпырушысы мен вахтерлеріне еңбек лицензияларын алдыртуға басқа амалы қалмады ма? Қысқа мерзімді пайданы аңсайтын қырғыздар ұзақ мерзімде опық жеулері әбден мүмкін. Көршілес мемлекеттерге бөтен жауынгерлердің арқасында сес көрсеткені — жақсылыққа жетелейтін жол емес. Ең алдымен, қордаланған мәселелерді тарихы мен дәстүрлері ортақ туыс елдердің арасында шешкені дұрыс. Тәжікстанның да сыртқы саясаты Қазақстан мен Өзбекстан үшін ұнамсыз көрінуі ықтимал. Өйткені, парсы тілдес ағайындар да ресейлік озбыр әскерге сүйенеді.

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply