2011 жылдың басында, Алматы мен Астанада өтетін Қысқы Азиадаға бөлінетін қаржы бір жарым миллиард АҚШ доллардан асып тұр. Осындай қомақты ақшаға қос қала түгіл, бүкіл мемлекеттіміз бойынша спорт саласын жандандыруға болар еді. Қосымша соманы берсеңіздер, тіпті Қысқы Олимпия ойындарын өткізуіне шамамыз келер еді. Бірақ, ескі-құсқы, кішігірім стадион-сарайларды кезекті жөндеуінен бөлек, халықаралық маңыздылығы бар нысандарын орнатуы — жоқтың қасы.
Жемқор ағайындар! Орасан зор қаражаттың пәлен бөлігін қымқыруы, ешбір ел-жұртына таңсық емес. Әрбір өңірде парақор лауазым иелері мен қомағай делдалдар баршылық. Алайда, ірі спорт бәсеке бюджетінің негізгі үлесін талан-таражға түсуі, тексіздіктің айғақтарының бірі. Қоғамдық мүлікті жалтақтап кертсеңіздер, астарыңыз дәмді болсын. Бірақ, кішіпейіл ұрлықтың орнына, былқ етпей обырдай обып тұрсыздар.
Таяуда, Иранда іске қосылған Бушер атом электростациясы сақалды құрылыстардың бірі саналатын. Ұзаққа созылған салу жұмыстың бастапқы себебі — Америка Құрама Штаттары сияқты іргелі елдердің парсы атом бағдарламасына қарсылығы. Соған қарамастан, ирандықтар ақыр соңында діттеген мақсаттарына жетті. Қазақстанға қайта оралайық. Мысалы, Алматыдағы метроның құрылысы әлі де бітірілмеген. Бірнеше жылдар бұрын істеуге тиіс метромызға Кремль тосқауыл қойды ма? Әлде жолаушылар тасымалдауының ең қолайлы түріне Пекин тыйым салды ма? Жоқ, тағы да отандық ұры-қарақшылар өркендеумізге тұсау-кісен қоюда.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.