2019 жылдың 12 мамырында, Мәскеу қаласының шетінде орналасқан Троекуров зиратында белгілі журналис Сергей Доренкомен (1959-2019) қоштасу рәсімі өтуге тиіс еді. Алайда, оның туған қыздарының талабы бойынша Доренко мырзаның денесі қосымша сараптамадан өткізіледі. Өйткені, Сергей Леонидовичтың бірінші некесінде дүниеге келген қыздары, Ксения мен Екатерина, әкесінің қастандықтан қаза тапқаның жоққа шығармайды. Сондықтан, қоштасу рәсімі белгісіз мерзімге шегерілген.
Бір қызығы, зираттың маңайында жиналған қауымның арасында орта бойлы ақсақал маған үңіліп қарап, сұрады: “Әубәкіров емессіз бе? Қазақсыз ба?” Шынтуайтқа келгенде, таң қалдым. Әдетте, мәскеуліктердің мені қырғыз немесе өзбекпен шатастыратыны бар. Оған қоса, жұмбақты қария генерал-майор Тоқтар Оңғарбайұлы (1946- ) деген тұңғыш ғарышкеріміздің атын тілге тиек еткені тіпті ғажайып. Ендеше, ескі заманның куәгері әңгімесінің өзекті тұстарын сіздердің назарларыңызға ұсынбақпын.
Марқұм журналисінің әкесі, әскери ұшқыш генерал-майор Леонид Филиппович Доренко (1936-2014) Тоқтарымыздың бастығы болатын. Кекетіп, оны “Мұхтар” деп атайтын. Оған Әубәкіров намыстанып: “Мен — Тоқтармын!” дейтін. Себебі, сол уақытта Қапқаз бен азиялық халықтарын кемсітетін адамның есімін иттің лақап атына айналдырған “Ко мне, Мухтар!” көркем фильмі кеңінен көрсетілетін. Жас Тоқтар әдемі қазақ жұбайымен бірге әуе қалашығына қоныстанған екен. Алайда, батырымыздың әйел затына құмарлығы тоқталған жоқ.
Грек ұшқышы Николай Иванович Саулов та (1945-2008) генерал-майор атағына қол жеткізді. Дегенмен, жеке өмірдің майданында әуеде қалықтайтын қазекең Элладаның өкілінен басым түсті: қандас әйеліне талақ айтып, жолдас Сауловтың орыс жұбайын “айдап әкетті“. Айтпақшы, осы оқиғадан бұрын Төкеңнің жаңа әйелі Николай Ивановичтен бала тапқан. Сонда не? Тоқтар Оңғарбайұлының атына жазылған бала шын мәнінде жолдас Сауловтың тұқымы ма?
Сайып келгенде, ҚСРО-да тұңғыш рет Солтүстік полюске екі рет жанармай құйдыру арқылы үзіліссіз ұшқан және “Тбилиси” ауыр авиатасушы крейсердің алаңқайшасына МиГ-29к реактивті ұшақты қондырған Тоқтарымыз жеке өмірінде де “ерлік” жасады.
Әлі күнге дейін әскери әдеттерден қалмайтын шал өз аты-жөнін айтпады, диктафон жазылуынан бас тартты. Бірақ, инженер мамандығын және полковник әскери атағын жасырмады. Туған жылын да айтты — 1936. Сонымен, үш жандарал-майырлардың ерекше хиқаясын баян еткен пулковник (түпкі поляк сөзін пайдалансақ) өз бетімен кетті. Жоғарыда келтірілген бейнежазбамда әлгі пулковникті тамашалай аласыздар.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.