2025 жылғы 15 желтоқсанда, еркін күрестен түйе балуанымыз Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды. Қазы-билердің үкімі бойынша, 2012 жылғы Лондон Жазғы Олимпия ойындарының қола жүлдегері 2025 жылғы 18 қыркүйекте мас күінде Ұлттық ұланның жауынгерлеріне қол жұмсаған-мыс. Қалай болса да, танымал қазақ спортшысының абыройы жоқ жерден айрандай төгілді. Кейде, өзге де батыр тұлғалы атақты палуандарымыз мәз-мейрам өмірінің қызығын көрмей тұр. Атап айтқанда, дзюдоның бұрынғы түйе балуаны Елдос Ықсанғалиев шаштаразда қызмет етуде.
Тегі мингрел-украин греко-рим күресінің алпамсадай ардагер шебері Георгий Цурцумиа тіпті болмашы үш жүз долларлық қарызы үшін жеке қазы-би орындаушысы Әбілқайыр Манасбайұлы Түскеевтің қаһарына ілініп, 2024 жылғы 17 шілдеден бастап кейбір әрекеттердің орындауынан қағылды. Ол ол ма, Әбілсейіт Айқановтай тепсе темір үзетін Қажымұқанның ізбасары өзі біртүрлі, оғаштау кісі еді. Өз басым, 2007 жылы Алматы қаласындағы “Достық” спорт кешенінде Әбекеңнің қисынсыздау, мақтаншақтау сөздеріне куә болдым. Бірақ, шынтуайтқа келгенде, күреспен шұғылданатын спортшылардың миы онша шайқалған жоқ. Ал, ірі денелі боксшыларды сөз етсек, ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің ойлау қабілеті негізінен түйе палуандардан біршама кемдеу көрінеді.
Қазақстаннан шыққан бокстан тұңғыш КСРО жеңімпазы Анатолий Кадетовтың (1930-1983) жөні бөлек. Бойы бір метр тоқсан сантиметр, 81 килограмға дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы дөрекілеу кісі еді. Тіпті, өз түлектеріне қарай ерсі қалжыңдарды жасаудан тайынбайтын. Мысалы, пәлен шәкіртіне ұсынуы мүмкін: “Ал, отыр. Анекдот айт“. Бапкер Толя қасақана түрде жарамсыз орындықты ұсынып, ақырында әлгі түлегінің ебедейсіз құлағанына мәз болып, қарқылдап күлетін. Ұлтшыл пиғылды бірдеме болған. Үнгіш, қазақтарды ұратын. Үнгіш, қазақтардан да таяқ жейтін. Бір күні, Толя туған қызын қолына алып, әйелімен бірге ығы-жығы мол көшенің жиегінде тұрды. Оған қос милиционерлер ескерту жасады: “Әрі қарай тұруыңызды өтінеміз, сіздерді машина қағып кетуі мүмкін“. Бұндай орынды ескертуге ашуланған есуастау Кадетов сәбиін әйеліне тапсырып, екі милиционерлерді төмпештеп, құлатып жіберді. Әрине, бұндай бассыздық үшін осы атлет тиісті жазасын тартты.
Түптеп келгенде, Анатолий Константиновичтің беймаза өмірі қайғылы түрде аяқталды. Мәскеудің түбінде ме, Липецк қаласының ресторанында ма әлде Сібірдің орманында ма қылмыскерлердің тобы оны өлтіріп тастады. Кадетовтың ізбасары, гүрзі жұдырықтың иесі Виктор Минаков та шаршы алаңның сыртында төбелеске салынған тентек еді. Мәселен, боксшы Витя болмашы нәрсеге жанжалдасып Алматы қаласындағы өз көршісін талай рет сабап соғатын.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
