Екінші Шоқан

Views: 0

Ресей империясы отаршыл саясатының ізбасарлары — Кеңес Одағы мен Ресей Федерациясы — ақ патшаның озбыр тәсілдерін одан әрі нығайтты. Себебі, уақыт өткен сайын көршілес елдерді жаулап алу әдістерін қазіргі заманға сай жақсарту керек. Мысалы, көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов керемет географиялық, тарихи мен әдебиеттану зерттеулерімен қатар орыс тыңшысының міндеттерін асқан шеберлігімен орындады. Бірақ, Абылай хан орысшыл ұрпағының бірнеше кемшіліктері де болған еді: денсаулығы әлжуаз, бойдақ, мінезі шайпау. Кейде, шоқынды Шоқан екеш Шоқан да ұлтжандылығын танытып, өз халқына үшін бүйрегін бұрды. Дәл осы олқылықтардың орнын толтыруы жолында орекеңдер жаңа үлгідегі, жақсартылған Шоқандарды іздестіре бастады. Бірте-бірте, тәуірлеу үміткерлер пайда бола бастады. Бетке ұстар орысшыл «қазақтар»-дің бірі — шала татар Талғат Мұсабаев. Азаматтық авиациясы инженерінің дипломы бар осы ғарышкер-ұшқыш жоғары пилотаж бен гимнастикадан КСРО спорт шебері. Демек, оның мықты денсаулығы Ресейге қызмет етуі жолында сыр бермес.

Талғат Мұсабаев сайтының алғашқы беті.

Тәкенің достары да көбінесе «ұлы» халықтың өкілдері. Мұсабаев отбасының Ресейдегі сырлас серіктерінің бірі де бірегейі — ғарышкер, саясаткер Николай Бударин. Олардың Қазақстандағы ең жақын достарының арасында — ұшқыш Владимир Куропатенко мен журналист Геннадий Кононов. Көрдіңіздер ме, орысшыл татар нағашыларының ықпалында жүретін гимнаст-ғарышкер Абай атамыздың ноғайлар туралы пиғылын растайды: «Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық қазақ», — деп үйінен қуып шығарады».

Шапырашты космонавты теледидар мен газет беттерінен жиі көрінеді. Әрине, оның қазақстандық ресми арналар мен басылымдардағы сұхбаттары сөз жүзіндегі патриоттық әңгімелер болып табылады. Алайда, орыс тілді шетел бұқаралық ақпарат құралдарында ол өзінің ресейшіл ұстанымын еш қиналмастан паш етеді. 2007 жылдың мамыр айында, Мұсабаевтар Латвияға барып қайтты. Латыш тіліндегі басылымдардан гөрі орысшыл отбасы Ригадағы Ресей мемлекеттік тілінде жарық көретін бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруді жөн санады. 25 мамыр күні, олардың әңгімесі Delfi порталының орыс нұсқасында жарияланған болатын. Ал, 31 мамыр күні «Суббота» газеті ресейшіл жұбайылардың сұхбатын бастырды. Аталған жарияланымдарда келтірген кейбір деректер мен ой-пікірлерді оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз.

Оның әйелі, Виктория Вольдемаровна, латыш жазушысы Вилис Лацистың (1904-1966) жегжаты болып табылады. Осы коммунист-қаламгер 1940 мен 1959 жылдарының аралығында Латвия ССР-нің Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, яғни премьер-министрі, ретінде қызмет етті. Демек, іскерлі Тәке өте тиімді некені құрды. Әрине, Кеңес Одағы кезінде бұндай «ақ сүйек» қалыңдығының арқасында гимнаст-ғарышкер елеулі табысқа қол жеткізді. Алайда, социалистік лагерьдің ыдырағаның соң қазіргі Латвияның билігі үшін Виктория Лацис секілді коммунист жетекшілерінің орысшыл туысқандары қарсыластарға айналды. Delfi порталының айтуынша, ол латыш әйелі болса да, әлгі 2007 жылының сапары үшін визаны әрең дегенде алды. Тіпті, Мұсабаевтар үшін бұндай шиеленіскен жағдайға Ресей сыртқы істер министрлігінің араласуына тура келді.

2003 жылдың тамыз айында, Талғат Амангелдіұлы РФ әуе қорғанысы генерал-майорының атағын алды. Сонымен қатар, ол ресейлік тікұшақ авиациясы Басқармасының әскери дайындығы бойынша бастығы боп тағайындалған. Үш айдан соң, ол Жуковский атындағы Әуе қорғаныс академиясы бастығының орынбасары боп тағайындалған. Демек, бәсекелестігі аса тартысты ресейлік әскери авиацияның өзінде РФ батыры Мұсабаев жолдас жоғары сатылардан көрінді. Әрине, Кремльдің бұндай сенімінен шығуы үшін ол барынша тырысуда. Тіпті, қазақ жерін уландырған орыс гептиліне қарсы шыққан азаматтық белсенділермен төбелесуге дайын қос азаматтықтың иегері, орыс жандаралы Мұсабаев! Бұрын, Бауыржан Момышұлы мен Сағадат Нұрмағамбетов тәріздес Кеңес Одағының батырлары КСРО әскери ығайлар мен сығайларының арасында көрінген болатын. Бірақ, Баукең мен Сәкеңнің қызметтік деңгейі Мұсабаевпен салыстырғанда төмендеу болған еді. Себебі, Екінші әлем соғысының қос қаһармандары ең алдымен қазақ халқына қызмет етті. Сол үшін, мәскеуліктер оларға секемдене қарады. Ал, бибауырмал мәңгүрт Талғат Ресей-шешейіне толығымен берілген кейіпкер болып табылады.

Сонымен қатар, Delfi порталының журналистеріне берілген сұхбатында Мұсабаев жолдас туған елін кекетіп былай деді: «Көзімді жұмып, пәлен қазақты ғарышқа аттандырсам деген аса жоғары мақсатым жоқ». Солтүстіктегі озбыр көршіміз жайында ресейшіл Талғаттың ұстанымы мынадай: «Ресеймен бауырлас қатынастарымыз — үлгі аларлық құбылыс. Елімізде, ешкім бір-бірін «оккупант» деп атамайды». Аһ, татар-қазақ қара Иваны! Діні, дәстүрі, түрі орысқа ұқсайтын Гүржістан, Молдова мен Украинаның жұртын аямай бомбалады «бауырлас» Ресей. Сен сияқты шошаң-шошаң еткен қарабет гимнаст-ғарышкерді неге аяйды қатыгез Кремль?! Мәскеуге жан-тәнімен берілген Наджибулла, Хонеккер секілді ірі саясаткерлер орыстардың опасыздығының салдарынан ащы жеңіліске душар болды. Осындай алпауыттарды мансұқ еткен кацаптар үшін сен іспеттес шошақай ұшқыштың бағасы соқыр тиынға да татымайды, сенің басыңа қиын-қыстау кезеңі туса.

Бірақ, мәңгүрттігіне жастайынан дағдыланған Мұсабаев жолдас қазақ жолдарын одан әрі кемсітеді. Мысалы, «Суббота» газетіне берілген сұхбатында Талғат мынадай ойын ортаға салды: «Орыс есімдерінің басым көпшілігі — көне грек пен латын аттары. Біздер, әдетте, араб есімдерін қолданамыз. Қазақ аттары — жоқтың қасы». Оның пікірі қазақ қоғамы үшін залалды екі бағыттың басын біріктіруге арналған. Ең алдымен, ол қазақтарды есімдері аз және аттары дінге берілген орыстар мен сарттар тәріздес халықтармен теңестіреді. Екіншіден, баяғы орыс отаршыларының әдісін пайдаланып, қазақ тілінің осалдығын дәлелдеуге тырысады жандарал-мәңгүрт. Әрине, қазақ тұрмыс-салтында араб-парсы есімдерінің орны бөлек. Алайда, төл түркі аттары да біздің өмірімізде айрықша рөлін атқаруда. Алтай, Дархан, Саян немесе Ұлпан секілді есімдері әлі күнге дейін кеңінен пайдаланылуда. Атақты ақынымыз Абайдың өзі әлем үшін «Ибраһим» деген ресми араб аты арқылы емес, «Абай» деген төл есіміміз арқылы танылуда.

Likes(0)Dislikes(0)
26 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.