Жоғары технологиялардағы төменгі нәтижелер
Жоғары технологиялардағы төменгі нәтижелер

Жоғары технологиялардағы төменгі нәтижелер

Views: 0

Кеңсе былығы Қазақстандағы интернет пен басқа ғылыми өнеркәсібіне тұсау салуда. Мысалы, елімізде сайтыңыз ашқыңыз келсе, рұқсат алуы үшін шамамен он күн күтуге мәжбүр боласыздар. Ал, шетелдегі сайтыңыз тіркеу үшін ғаламторда небәрі үш-төрт минут жұмсайсыздар. Бағасы да қымбат емес. Сыртқы интернетке шыққанда, біздердің пайдаланушылар ай сайын 40-80 гигабайтпен шектеледі. Жылдамдағы да көңілдегідей емес. Ал, тіпті төрт жыл бұрын американдық «Комкаст» компаниясы өз пайдаланушыларына ай сайын 250 гигабайт ұсынған еді. Шапшаңдығы да таңқаларлықтай.

Ұялы байланысымыздың жағдайы да тоқ етерлік емес. Әлі күнге дейін, қалтафонның қызметі қымбаттау және оның мүмкіншіліктері шектелген. Салыстыру үшін тағы да әлем тәжірибесіне жүгінейік. Неміс «Ортел» операторының тарифы бойынша Қазақстандағы кез келген қалалық телефонымен әңгімесінің бір минуттың бағасы төрт теңгеге тең. Еліміздегі кез келген ұялы телефонына қоңырау шалсаңыздар, әр минутына он төрт теңге төлейсіз. Неге сырттан хабар соғатын баз-біреулер әлдеқайда аз қаржы-қаражат жұмсайды, ал Қазақстанның ішіндегі әңгімелер қымбатқа түседі?

Интернеттің белгісі сатып алушының кәрзеңкесінде.

Кертартпа әкімсымақтар отанымыздың кең-байтақ территориясына мегзейді, халқымыздың аздығын тілге тиек етеді. Бірақ, біздерге қарағанда тура сондай мәселелерге тап болатын Монголия, Австралия немесе Канадада телекоммуникациялардың жағдайы әлдеқайда тәуірлеу. Демек, кемшіліктеріміздің нақты себебі география мен демографияда емес, этнографияда.

Likes(0)Dislikes(0)
8 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply