Кеңсе былығы Қазақстандағы интернет пен басқа ғылыми өнеркәсібіне тұсау салуда. Мысалы, елімізде сайтыңыз ашқыңыз келсе, рұқсат алуы үшін шамамен он күн күтуге мәжбүр боласыз. Ал, шетелдегі сайтыңыз тіркеу үшін ғаламторда небәрі үш-төрт минут жұмсайсыз. Бағасы да қымбат емес. Сыртқы интернетке шыққанда, біздің пайдаланушылар ай сайын 40-80 гигабайтпен шектеледі. Жылдамдағы да көңілдегідей емес. Ал, тіпті төрт жыл бұрын американдық «Комкаст» компаниясы өз пайдаланушыларына ай сайын 250 гигабайтын ұсынған еді. Шапшаңдығы да таңқаларлықтай.
Ұялы байланысымыздың жағдайы да тоқ етерлік емес. Әлі күнге дейін, қалтафонның қызметі қымбаттау және оның мүмкіншіліктері шектелген. Салыстыру үшін тағы да әлем тәжірибесіне жүгінейік. Неміс «Ортел» операторының тарифы бойынша Қазақстандағы кез келген қалалық телефонымен әңгімесінің бір минуттың бағасы төрт теңгеге тең. Еліміздегі кез келген ұялы телефонына қоңырау шалсаңыз, әр минутына он төрт теңге төлейсіз. Неге сырттан хабар соғатын баз-біреулер әлдеқайда аз қаржы-қаражатын жұмсайды, ал Қазақстанның ішіндегі әңгімелер қымбатқа түседі?
Кертартпа әкімсымақтар отанымыздың кең-байтақ территориясына мегзейді, халқымыздың аздығын тілге тиек етеді. Бірақ, бізге қарағанда тура сондай мәселелерге тап болатын Монголия, Австралия немесе Канадада телекоммуникациялардың жағдайы әлдеқайда тәуірлеу. Демек, кемшіліктеріміздің нақты себебі география мен демографияда емес, этнографияда.

