Кіндік Сібірге барғанда…
Кіндік Сібірге барғанда…

Кіндік Сібірге барғанда…

Views: 15

2025 жылғы маусым айының соңында мен шілде айының басында байырғы қазақ жері, қазір Ресейдің құрамында уақытша тіркелген Новосібір аймағына ат басын бұрдық. Осы өңірдің ағымдағы мәдени, саяси жағдайын зерттеу мақсатымен бірнеше күн бойы оның тұрғындарымен араластым, жергілікті ескерткіштерінің қызығын көрдім.

Новосібір қаласындағы сазгер Дмитрий Шостаковичке арналған ескерткіш тақтасы.

Расында, шығармашылық, өнеркәсіп пен жұртшылық жағынан алып қарағанда Кіндік Сібір баяғыдан бері маңызды өлкелердің бірі саналады. Атап айтқанда, 1942 жылы Новосібір қаласында ұлы сазгер Дмитрий Шостаковичтің Жетінші (“Ленинградтық“) симфониясының сібірлік тұсау кесері өтті. Дмитрий Дмитриевичтің өзі осы қойылымға қатысты. Екінші әлем соғысының барысында, әлемдегі ең ірі опера театрларының бірі — “Сібірлік Колизей” — осында бой көтерді. Ал, сұрапыл қырғыннан кейін Сібірдің бас қаласының түбінде салынған аты-шулы Академқалашығы әлемдегі ең мықты ғылыми орталықтардың біріне айналды.

Қоғамдық көліктің ішіндегі жарнама, Новосібір қаласы.

Алайда, кезінде дүркіреген қала қазіргі таңда мейлінше тозып кетті. Баяғыда мықты елді мекен саналатын Новосібір енді қаптап кеткен ұсақ-түйек жарнамаға да үміт артуда. Соның өзінде, осы қала көршілес аймақтармен салыстырғанда озып тұр. Тиімді жұмыс орындар да баршылық. Өмір сүруінің шығындары да соншама ауыр емес. Атап айтқанда, тіршілік жағдайлары онша емес Омбы қаласында қоғамдық көлік билетінің құны 45 сом (шамамен 290 теңге) болса, Новосібірде оның құны 40 сом (шамамен 260 теңге) құрайды.

Үш ішкіштер Новосібір қаласындағы қоғамдық көліктің аялдамасында сөйлесіп тұр.

Ресейдің көптеген аймақтарындай, Новосібір қаласында да ішіп, қаңғып кеткен жандардың саны аз емес. Сөз жоқ, жиілеп кеткен бұндай көріністер кезінде қарқынды дамып келе жатқан өңірдің бүгінгі көркін кетіріп тұр. Ірі елді мекенде қаншама жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін мекемелер болса да, молшылық пен гүлдену мерекелі жиынынан тыс қалған бишаралар да баршылық. Сібірден алшақ тұратын Украинадағы өрши бара жататын соғыс та осындай шерлі құбылыстарды көбейтуде.

Боровое ауылындағы тас қабырғасындағы неонацист белгілері.

Орыс жұртшылығының жалпы тұрақсыздау жағдайы ұлтшыл, нәсілшіл қозғалыстардың пайда болуына септік тигізеді. Атап айтқанда, Новосібір қаласы төңірегіндегі Боровое шипажай ауылында тас қабырғаларының бірінде “1488” неонацист белгісі жазылған. Сөз жоқ, ауасы жұпарлы осы қарағайлы жұмақты жүздеген жылдар бері мекендейтін қазақтар мен кірме өзбек, тәжік жұмысшылары үшін бұндай шовинистік шимайлар қауіп төндіруде. Негізінен интернационалист болып келетін сібірлік қауым арасында өмір сұрсе де, қандастарымыздың үрейін алатын оқиғалар да жоқ емес.

"Русь" азық-түлік дүкені, Боровое ауылы.

Сондықтан, кейбір жергілікті қазақтар Боровое ұлтшылдарынан сескеніп, өзінің орысшылдығын алға тартуда. Атап айтқанда, бұрынғы медициналық қызметкер қарындасымыздың иелігіндегі “Русь” азық-түлік дүкенін келтіргеніміз жөн. Жалпы алғанда, Новосібір аймағының қазақтары көбінесе салбырап жүріп, қуырдақ күні, бауырсақ мерекесі сияқты болмашы мәдени шараларды өткізуде. Расында, бұндай түрімен олар төл құндылықтарымызды өзге елге танытар емес. Қазақстан билігі де Новосібір өлкесі секілді қазақ аймағына төл мәдениетімізді нық орнатуға асығар емес.

"Дастархан" Азия тағамдарының кафесі, Новосібір қаласы.

Абырой болғанда, кәріс отандасымыз қырғыз жұмысшыларын жалдап, Новосібір қаласының қақ ортасында азиялық тағамдарының “Дастархан” кафесін ашты. Демек, қазақ пен өзбек ұлттық тамақтарының тұрақты түрде қамтамасыз ететін тағы бір нұктенің жұмыс істеуі қалай болса да осы қаланы қазақшалауға көмектесер. Уақытша кулинариялық мерекелердей емес, бұндай мекемелер Қазақстанның шағын өкілдігіндей көрінеді. Кем дегенде, жылқының дәмін татуға болатын мекеменің бірі іске қосылды.

Рапс өсімдігінің алқабы, Новосібір аймағы.

Жаһандырудың ызғарлы лебі Кіндік Сібірдің кең алқаптарына да жетті-ау. Пайдасынан зияны көп рапс өсімдігі осы өңірде де кең көлемде егілуде. Ханзу (шүршіт) тасбауыр жұртының сүйікті кәсіптерінің бірі — рапс сияқты кесірлі дақылдарды өсіру. Жер анамыздың күш-қуатын сорып кететін рапс өсімдігі ауыл шаруашылығына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сайып келгенде, бауырлас Украинамен соғысатын Ресей бөтен ханзу тобырына өз еркімен жол берді.

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply