Ескі заманның әдеби, музыкалық туындыларын тарихи ескерткіш ретінде сыйлағанымыз абзал. Өткен ғасырлардың әдеби мен музыкалық шығармаларын мейлінше насихаттау керек екендігі — баршаға аян қағида. Бірақ, көне уақыттың жасампаздық мұрасының шектен тыс таратуы қателік деп есептеймін. Себебі, қазіргі кезеңімізге сай ғылыми жетістіктерді қазақшалауға тиіспіз. Қалың ортамыздан шыққан Камиль Фламмарион, Яков Перельман, Джеймс Трефил секілді табиғи заңдарды оқырман қауымына түсінікті тілімен жеткізетін авторлардың тапшылығы сезіліп тұр. Жоқ дегенде, жоғарыда көрсетілген ғылыми жазушылардың кітаптарын ана тілімізге аударғаны құба-құп болар еді.
Бүгінгі таңда, бұқаралық ақпарат құралдары, баспагерлер мен жазушыларымыз ғылыми саладағы ағарту жұмысын жүргізуге енжарлықпен қарауда. Есесіне, лек-легімен айтыс, мерейтойлар сияқты өнімсіз, жалықтыратын шараларға үлкен мән берілуде. Домбыраның шерлі сарыны, сөзуар айтыс қатысушыларының талас-тартысы технология дамуына септік тигізуге ұмтылатын жастарды кері тартуда. Әрине, тақырыбы ұсақ, сөзі жеңілтек айтыс терең зерттеу жұмысына оң әсер келтіре алмайды. Демек, тек қана этнографиялық құндылығы бар көнетоз өнерге соншама маңыздылық беру — әбестіктің бірі.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.