Саңылауы бар жұртқа белгілі жағдай: Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды! Ата заңымыздың 10-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол жоқ. Оған қоса, “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңының 3-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Алайда, бірнеше мемлекеттің төлқұжатын иемдейтін “қазақстандықтар“-дың саны аз емес. Оларға айыппұл салып және/немесе қазақ азаматтығынан айырып, депортациялау керек. Мысал ретінде, қазақ азаматтығы бар екі ресейліктерді келтірейін.
Орысқұл олигарх Болат Өтемұратовтың сүйікті теннисшісі Путинцева Юлия Антоновна, 1995 жылғы 7 қаңтарда туылған. Қазақстан арқасында, Париждегі 2024 жылғы жазғы Олимпия ойындарына қатысатын әлгі спортшы нөмір 4514509766 орыс төлқұжатын иемденуде. Путинцева ханым қазақ ресми мекемелерінің алдында сөз жүзінде орыс азаматтығынан бас тартып, еліміздің аумағында Ресей төлқұжатын пайдаланбайды. Өйткені, “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңының 17-ші бабына сәйкес, бұндай келімсектер шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдіруге тиіс. Алайда, іс жүзінде, пысықай ресейліктер орыс азаматтығынан сөз жүзінде бас тартып және осы шешімді куәландыратын құжатты қазақ құзырлы мекемелеріне көрсетіп, ресейлік құзырлы мекемелерге қайтадан жүгінеді: “Жоқ, орыс азаматтығынан шығудан айнып қалдым” деп, ресейлік төлқұжатты сақтап қалады. Әдетте, осындай екі жүзді кісілер Ресейде жүргенде орыс төлқұжатын пайдаланады.
1965 жылғы 9 қыркүйекте туылған алматылық программист Пасикова Надежда Александровна — Шығыс Қазақстандағы Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласының ресейшіл тумасы. Пасикова азаматша орыс диктаторы вова путиннің 25.ХІІ.2002 жылғы №1454 жарлығына сәйкес ресейлік азаматтыққа өтіп, қазақ азаматтығын сақтап қалды. Жалпы алғанда, бұл орыс қатыны қазақтарға шекесінен қарап, еліміздің жар астындағы жауларының бірі болып табылады.
Сайып келгенде, қос азаматтықты пайдаланатын қылмыскерлерді ресми түрде анықтау қиынға соғар. Себебі, Қазақстан Республикасның 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” заңының 10-шы, 11-ші баптарына сәйкес, дербес деректерді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімісіз таратуға жол берілмейтініне орай,сұраныста көрсетілген тұлғалар бойынша деректердің құпиялығын ескере отырып, қандайда бір мәлімет беру мүмкін емес. Демек, қазақ криминалдық билігі заң бұзылушы, қылмыскерлердің неше түрлі зиянды әрекеттерін барынша жасыруға тырысады.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.