Қазақстан Республикасының құқық «қорғау» орындары қызметкерлерінің басым көпшілігі орысқұл, қытайшыл бірдемелер болып табылады. Осы сатқындардың негізгі мақсаты: күн көру, табыстың жаңа көздерін иемдену. Еліміздің келешегі мынадай сұмырайлар үшін көк тиынға татымайтын дүние. Алайда, тіпті бұндай жиіркенішті кейіпкерлердің арасында да аса ұнамсыз пысықайларды атап өткеніміз жөн. Олардың бірі әрі бірегейі – Алматы қаласының полицай Департаментінің ресми өкілі полковник Салтанат Әзірбек. Осы ұрғашы офицер Ресейдегі Ирина Волк пен Светлана Петренко секілді сөзуар аға әріптестеріне бой түзеп, «генерал атансам» деп армандайды.
2022 жылғы қайғылы Қаңтардың кезінде тоңмойын Әзірбек ханым жүздеген бейбіт қазақтардың қасіретті қазасын теледидардың көгілдір экранынан, газет-журналдардың жылтыр парақтарынан және ғаламтордың түрлі-түсті беттерінен масаттана, шабыттана жырлады. Қанқұмар шымкенттік бикештің артықшылығы: қос бірдей қазақ пен орыс тілдерінде жендет хикаяларын мүдірмей, былқ етпей баяндай береді Оңтүстік Қазақстанның ресейшіл тумасы. Бірақ, жүздеген қандастарымыздың беймезгіл өлімін қуана-қуана сөз еткен салтанатсыз қатынды орысқұлдыққа итермелейтін жеке өмірінің себебі де жоқ емес. Өзге жұрттың полицай келіні Тимофей мен Зарина сияқтыларды дүниеге әкеліп, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсіреді. Сөз жоқ, әркімнің өзіне сай жарын іріктеуге Ала Таудың шыңындай мызғымас қақысы бар. Дегенмен, жендет пен ұрыларды құлшына жырлайтын погон таққан ұрғашы журналис өзінің мансапқорлығына орай бөтен жұртынан намыстанады. Жасырын түрде орыс халқына жан-тәнімен берілген Салтанат, мынадай тығыз қатынасты ашық түрде мойындауға әзірше дайын емес. Сондықтан, оның күйеуі мен балалары көпшілік алдында көрінбейді. Өз сұхбаттарында салтанатсыз кейіпкер де олардың аты-жөнін келтірмейді.
Расында, 2000-шы жылдардың басында шымкенттік әйелге алматылық видеоинженер Сергей Фисковпен танысуының жан-жақты септігі тиді. Сол себептен, сыбайластарына бек берік Әзірбек ханым өзге жұртына көп алғыс айтуда. Абырой болғанда, қайғылы Қаңтардың барысында көбінесе мырқымбайлар опат болса, фисковтар болмашы зиянға душар болды. Сөз жоқ, осындай игі нәтижеде ұрғашы офицердің сіңген еңбегі де баршылық. Полковник іспетті жоғары жауынгер шені жайдан-жай берілмейтіні айдан анық. Егер осы полицай бикеші фисковтардың игілігіне бағышталған өзінің қарқынды қимылдарын одан әрі жалғастырса, оның жақын болашақта генерал атануы да ғажап емес.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.