Сыр өңірі қайраткерімен Алматыдағы қоштасу

Views: 13

Бүгін, 2023 жылғы 11 маусымда, танымал мемлекеттік қайраткер Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың (1953-2023) жаназасы өтті. Оңтүстік астанамыздың жұртшылығы мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Қызылорда аймағының біртуар перзентімен қош айтысты. Енді, марқұм тұлғаның іс-әрекеттерінің қысқаша талдауын жасауға рұқсат етіңіздер.

Алматы қаласындағы "Қабылдау үйінде" өткен Бердібек Сапарбаевтың асы.

Әу баста, Бәкеңнің аса тәжірибелі мемлекеттік қызметкер болғанын мойындауымыз керек. Бұл кісі Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін екі рет басқарды.  Еліміздің кеден бақылау мекемесіне де төрт жылға жуық мерзімі ішінде жетекшілік етті. Бердібек Машбекұлы бес бірдей аймақтарымыздың әкімі болды. Ол ауыл шаруашылығының үлесі басым Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарын басқарса, шикізат байлықтарымен ерекшеленетін Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан аймақтарында да әкім ретінде жұмыс істеді. Демек, республикамыздың экономикасын бүге-шігесіне дейін іс жүзінде зерттеген  Сапарбаев жолдасқа пара-пар келетін қазақстандық әкім-министрлер — жоқтың қасы.

Сонымен қатар, экономист Сапарбаев Қазақстан Республикасының министрлер Кабинеті аппаратының жетекшісі мен еліміздің үкіметінің вице-премьері секілді күрделі, жалпыұлттық лауазымдарға да тағайындалған еді. Демек, аймақтық ерекшеліктермен бірге, үлкен саясаттың қитұрқы өзгешеліктерін де әбден игерді Бәкең. Әрине, бұл кісі президент және премьер-министр тәріздес аса жоғары лауазымдарға қол жеткізбесе де, бұндай қадам жасауға мүмкіншілік болған еді. Өйткені, еліміз бойынша оның беделі мейлінше зор еді. Кәсіпкер, өнер қайраткер, әріптес әкімдері мен тағы басқа тұлғалардың арасында оның талай жақтаушылары баршылық.

Осы пікірімнің дәлелі ретінде — Сапарбаев жолдастың жаназасына Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера мен балет театрының маңайына жиналған жұрттың едәуір саны емей немене? Тіпті, өкінішке орай, динамиктерден шыққан қобыздың шерлі әуенін тыңдаған олардың көбісі Бердібек Машбекұлымен қоштасу үшін театрдың ішіне кіруге үлгермеді. Сайып келгенде, Бәкеңді ақтық сапарға шығарғандардың арасында еліміздің бірнеше сыйлы азаматтары байқалған: жазушы Дулат Исабеков, актёр Асанәли Әшімов, мемлекеттік қайраткер Мұхтар Құлмұхаммед, марқұмның мүйізі қарағайдай жерлесі Қырымбек Көшербаев пен тағы басқалар. Бәлкім, азалы жиынға бас қосқан жұртты мазалаған қайғылы ой: “сұм ажалдың қаталдығы-ай… Таяуда ғана жетпіс жылдығын тойлаған үлкен саясаткердің талай көлемді жоспарлары орындалмай қалған! Аһ, жетпіс жылдық дегеніміз хас ер-азамат үшін кәрілік те емес… Өмірдің тәжірибесіне әбден қанық болған кезең ғой бұл жас!

Енді, Бердібек Машбекұлының артында қалған ұрпағы, Сыр өңірі тумасының үзеңгілес дос-жарандары оның ізбасарлығына лайықты серпіліс жасаса, құба-құп болар еді!

Likes(0)Dislikes(0)
13 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply