Шымкенттік спортшы, мемлекет қызметкері мен кәсіпкері Теміртас Қожаназарұлы Тілеулесовтың (1952-2007) “Ордалы жылан“, 1998, кітабын тұңғыш рет ғаламторда жариялап отырмын. Шектеулі 2 000 дана таралымымен шыққан, Оңтүстік Қазақстандағы жемқорлықты әшкерелейтін туындыны осы сілтемеден жүктеп аласыздар. Ал, екі жылдан соң, яғни 2000 жылы, аталған кітаптың “Шымкентская мафия” деген қысқартылған орыс нұсқасы 10 000 дана таралымымен жарық көреді. Оның көшірмесін келесі сілтемеден жүктеп аласыздар. Айтпақшы, ғаламторда бұдан да бұрын “Шымкентская мафия“-ның нұсқасы мен үзінділері жарияланған болатын, бірақ осы жолы әлгі кітаптың сапалы көшірмесі алғаш рет оқырман қауымына ұсынылуда.
Қос кітаптың деректері қазіргі Қазақстанның тарихын зерттейтін адамдар үшін құнды ақпарат көзі болып табылады. Әсіресе, оңтүстік өңірімізден шыққан кейбір саясаткерлердің құпияларын кеңінен талқыға салады әлгі кітаптар. Мысалы, Зауытбек Тұрысбековтың сыған ата-бабаларын жөнінде көпшілікті хабардар етті палуан Теміртас. Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеевтің қалмақ екендігін де тұңғыш рет осы Тілеулесов мырза ашықтан-ашық айтқан еді. Әрине, бұндай мәліметтерді ұлтшыл-нәсілшіл мағынада қабылдағаны әбестік болар еді. Текең мүлдем басқа жағдайды меңзеді ғой. Өз ұлтынан бас тартқан пенделерді жоғары лауазымдарға тағайындасақ, олар мемлекетімізге де опасыздық жасауы әбден мүмкін.
Әрине, бүгінгі жемқорлықтың кесірі мен жиырма-жиырма бес жыл бұрын орын алған ұсақтау парақорлықтың арасы — жер мен көктей. Тоқсаныншы жылдары тарихымыздағы әлдеқайда адалдау уақыт ретінде есімізде қалмақшы. Өйткені, сол дәуірде Кеңес Одағынан мұра ретінде қалған көптеген кәсіпорындар әлі жұмыс істеген. Жекешелендіру нәубеті елімізді толығымен қаптап алған жоқ. Тәуелсіз баспасөз бен телеарналардың беделі бүгінгідей құлдырамады. Сондықтан, ащы шындықты паш еткен “Ордалы жылан” мен “Шымкентская мафия” атты зерттеулер жарық көрді. Өкінішке орай, қазіргі Қазақстанда жемқорлықты айыптайтын көлемді кітаптардың бастыруы мүмкін емес!
Бүгінгі таңда, осы кітаптардың тірі қалған залым кейіпкерлері аймақтық дәрежеден асып түсті. Енді, бұрынғы шымкенттік пысықайлар халықаралық дәрежедегі ұрлық-сұмдыққа кірісті. Қылмыскерлердің дамуына сай оларға төтеп бере алатын жаңа Теміртастар әзірше көрінбейді. Себебі, жаһандық социалистік жүйе күйзелісінің салдарынан парақорлық әлем бойынша одан әрі өрбіп кетті. Алайда, соған қарамастан әділдік үшін күресті үзбей, алға қарай жүргеніміз жөн. Сайып келгенде, жемқорлықпен арпалыспақшы жандар үшін жоғарыда келтірілген кітаптардың септігі тиетіні сөзсіз.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.