Төл тақырыптар таусылған ба?!


Атақты ақын Роберт Рождественский бала кезінде
музыкант боп сәл-пәл өнер көрсететін. Екінші әлем соғысының қилы заман еді. Осындай ауыр дәуірдің естелік ретінде, Роберт Иванович «Концерт» деген өлеңді жазған. Майталман қаламгердің туындысынан
біршама үзінділерді келтіруге рұқсат етіңіз. «Сорок трудный год. Омский госпиталь… Коридоры сухие и маркие. Шепчет старая нянечка: – Господи!.. До чего же артисты маленькие». Жарақат алған
сарбаздар алдында әнші балапандар концерт беруде. «Вдруг срывающимся фальцетом Абрикосов Гришка отчаянно объявляет начало концерта. А за ним, не вполне …

Views: 0

Атақты ақын Роберт Рождественский бала кезінде музыкант боп сәл-пәл өнер көрсететін. Екінші әлем соғысының қилы заманы еді. Осындай ауыр дәуірдің естелігі ретінде, Роберт Иванович «Концерт» өлеңін жазған. Майталман қаламгердің туындысынан біршама үзінділерді келтіруге рұқсат етіңіздер. «Сорок трудный год. Омский госпиталь… Коридоры сухие и маркие. Шепчет старая нянечка: — Господи!.. До чего же артисты маленькие». Жарақат алған сарбаздар алдында әнші балапандар концерт беруде. «Вдруг срывающимся фальцетом Абрикосов Гришка отчаянно объявляет начало концерта. А за ним, не вполне совершенно, но вовсю запевале внимая, о народной поём, о священной так, как мы её понимаем…» Әуесқой концерттердің бірі қасіретті оқиғамен аяқталады. «Только голос летчика раздаётся. А в нём — укор: «Погодите! Постойте, хлопчики… Погодите… Умер майор…»

Плагиаттың белгісі.

 

 

Содан соң халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев «Алғашқы концерт» өлеңін бастырды. «Тас-талқан жыл… Қабақ түйген сұрланып. Астраханның госпиталі тұр налып. «Құдайым-ай, неткен құйттай әншілер, Бұл қызықтан жүрмейікші құр қалып». Тағы бір концерт басталуға дайын. «Бір өзіне бұйырғандай барша екпін, Сұлтанғазы қасын керіп, Қазақша хабарлады басталғанын концерттің. Кіп-кішкене кеудемізді молайтып, Тұрмыз енді екеуіне ән айтып». Қойылым Омбыдағы концерттей мұңлы аяқталады. «Шықты бір сәт: — Комбат өлді, балалар, комбат өлді! — деген дауыс азалы». Орыс жазушыларының кеңінен таратылған ауруы қазақ жазушыларына да жұғылған. Әлгі Алексей Толстой итальяндық Карло Коллоди ойлап тапқан Пиноккионы Буратиноға айналдырды. Ал, Өскеменде дүниеге келген Александр Волков американдық Фрэнк Баумның Оздағы ғажайып сиқыршысын “Меруерт қаласының сиқыршысы“-на айналдырды.

Likes(0)Dislikes(0)
21 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply