Ғабиден. “Ұлт екпінділерінің тобында”
Ғабиден. “Ұлт екпінділерінің тобында”

Ғабиден. “Ұлт екпінділерінің тобында”

Views: 14

1933 жылғы 26 желтоқсанда, “Жолдан” айдарының шеңберінде Батыс Сібір өлкелік партия кәмитетінің тілі “Қызыл ту” көрнекті жазушымыз Ғабиден МұстафинніңҰлт екпінділерінің тобында” мақаласын жариялады.

1933 жылғы 26 желтоқсанда, Батыс Сібір өлкелік партия кәмитетінің тілі "Қызыл ту" Ғабиден Мұстафиннің "Ұлт екпінділерінің тобында" мақаласын жариялады.  

… Қиқы, жиқы Тармақ көл ауылының шет жағын ала салынған, еңгезердей қызыл кірпіш үйдің алдына келгенде:

Ш.К.М. осы — деді, бізді әкелген татар баласы.
слөт осындама?
Мұнда.

Ішіне ендік. Ың-жың, көпшілік. Қысық көзді, қоңыр түсті қазақтар отыр. Шегір көзді, сары жүзді татарлар көп. Бірен, сараң орыстарда көрінеді. Қызылды, жасылды киінген татар, қазақ әйелдері де келген, дорба сақал қарттарда бар, уылжыған жастарда бар, кәрі мен жас, ұлтпен ұлт, әйел мен еркек бас қосқан, ентернацаналдық топ екен. Үйдің төрт қабырғасында алақандай ашық жер жоқ. Қызыл, сары бояу мен, ірі, ірі қаріптер мен жазылған ұран, неше алуан қалқоздың біригәдінің қабырға кәзеттері, жоғарыда көсемдердің суреттері, олардың астыңғы жағында жыпырлаған қалқоз екпінділерінің суреті. Қызыл жалаулар көтерілген, қызыл үстелдер құрылған, Ш.К.М.ның іші сациалды өрнектермен осылайша безеліпті. Әркестер ойнаптұр, қызыл үй думан, көңіл бір есе шарыққа шығып қалықтайды, біресе қуға түскен оттай лапылдайды. Қалықтайсында, лапылдайсын қызықты көрініске иектей дүзесін…

Бір мезгілде қоңырау шылдыр етті. Қалық құлаққа ұрған танадай тыптыныш. Қагілез сарша жігіт сақынаға шыға келгенде, “Рақыметіп, Рақыметіп” десті, отырғандар:

іптәшләр іщі, калқозшы қабәршіләрінің район ара бірінші слөтін ашық деп иғылән етәм — деді.

Содан кейін слөт пірзидүмін сайлауды ұсынды.

— Қарт келіні!
— Аділбай ұлы!
— Мәмбет ұлы!
— Агиуллін… деп көпшілік тұс-тұсынан ұсынып жатыр, аталған ат сайын сарт, сұрт қол шапалақ, барлығы 12 адам пірзидүмге отырды.

— іптәшләр слөтке пошотни пірзідүм сайларға керәк — деді тағыда жаңағы татар жігіті.
— СТАЛІН
— КӘЛЕНІН
— МОЛОТЫП… деп көпшілік шу ете түсті, қол шапалақ үсті, үстіне соғылып жатыр. Құрметті пірзидүмге 12 адам сайланды, слөт іске кірісті.

Орталық кеңес кәмитетінен мақтау алған мәметкин ауыл кеңесінің ағасы Мәмбет ұлы саяси шаруашылық міндеттерді орындағандығынан рапрыт берді.

Аз ұлт қалқоздарының айдары, қазақтың “Пәміт Ленін” дейтін қалқозы ауқатты тұрмысын суреттеді. Тағы бір қалқоз бастығы, қалқоз өндірісінің теқникесін меңгергендік арқасында, 16 жасар бала 80 қараны жалғыз өзі суаратындығын айтты. Табыстан, табыс рапырттан, рапырт ұшығына жетіп болар емес. Рапырт тоқталсын деген ұсыныс енді. Тоқталды да.

Қаздай тізілген қызыл әлемді, пиенер әтіреттері сақна жарық етті, сациалды даланың айбынды ерлеріне қарсы қарап тұрып:

Біз сіздердің орындарыңызды — басуға қашанда болса дайынбыз — деп бір ауыздан серт берді. Сол кезде залдың іші тартқан күй, соққан қол шапалақ пен күңіреніп кетіп еді, слөтке біз бен бірге келген татардың бір кемпірі маған таянып келіп:

Жалынды шағымда осы заманада болмадым ау! — дегенде көзінен жасы ыршып, ыршып кетті, кемпірді жұбатқан болдым. Ода жұбанғандай болып, көз жасын сүртіп алды. Аудандық партиа кәмитетінің атынан Обсәникоп жолдас шығып сөйлеп жатыр. Сөзінің ұшығын пірзидүмде отырған Қарт келіні, Әділбай ұлы, Мәмбет ұлдарына әкеп түйіп кетеді. Қазіргі замананың арда кері осылар дейді.

Ол неліктен? осы топта сынаптай жылпос, алмастай өткір, білімі бойын кернеген жігіттеріде бар көрінеді, аудан бастығы оларды ауызға алмай жабайы қазақтарды бұнша неге көтереді? Маған бұл сырды ашу керек болды.

Пірзидүмде отырған Қарт келінінің қасына келдім. Бәйіпше сығылы сыңқырай беріп:

Отыр шырағым! — деді.
Мен отырып болмастан ақ:
ел аузына қалай ілініп жүрсіз? — деген сұрақ қойдым.
Үш жылдан бері старшы дояркімін, бір бұзауым шетінеген емес, сол ғой елдің көтеріп жүргені — деп бәйіпше езу тартты.
Бұзауының тең жартысы өлген қалқоздар бар. Сізден біреуіде шетінемеуі қалай?
Балам, ол құдайдан шығар, әйтседе менің күтуім артық. Түн баласында ұйқымды төрт бөліп бұзауға шықпаған күнім жоқ. Жас төл, жас бала мен бірдей, баламдай күтемін. Биыл егін кезінде көзіме шөп түсіп, жаман болды, доктір тым құрығанда бес күн жат деп еді, жатқамын жоқ көзімді таңып жүріп, бұзауларымның ішінде болдым. — дейді Қарт келіні. Сөзін әлі бітірген жоқ. Баяу дауыс пен, мал күтімін ұзақ бір әңгіме қылып айтып отыр. Шаруа-мұңын бұнша башайлап айтуына қарағанда, ол шаруаны ұқсата білетіндігі көрініп тұр. Қара көзін құршаған қызыл мен аралас, қайрат оты жанып тұр. Тап басар сөзі, тианақты мінезі, үлгілі ісі “арда кер” екенін әйгілеп тұр.

Енді басқа дояркелерді осыған үйретсеңіз — дедім бір мезетке сөзін бөліп.

Қазақ әйелінің көзі мал мен шыққан қой біледі, олар тек қалқоз малын өз малындай көрсе, ерінбесе болғаны. Бізге егін мен мәшине жағы қиынырақ. Биыл Нобо-сібірге барғанда көрдім: зауыттарда мәшиненің бір пенті шашау жатпайды. Жұртта қалған темірлерге дейін іске жаратып жатыр. Қайсы бір уақытта біздің қалқоз мәшинелерінің қырық аяғына дүңгелегіне дейін жұртта жәй апарылады. Біз осы жағынан көбірек ұқыпты болуымыз керек, — дейді бәйбіше.

Бәйбіше мен әңгімені бітіргеннен кейін атақты “Пәміт Ленін” қалқозының ағасы Қапашты тыңдау керек болды. Мәмбет ұлы мен екеуі бір отырған. Мен қастарына барғаннан ақ неге келгенімді Қапаш біле қойды:

Қалқозымызға келіп көріп жаз!
— қалқозыңыз алыс шығар?
— 20 шақырым, пойызға өзіміз апарып саламыз, кел, — бірақ жолдағы Машалы мен Мәметкенді көре кел тондары ғана сұлу болып жүрмесін, — деді. Бұл сөзінің астарлы екенін білдіру үшін, ыржиып бір күліп қойды. Түсіндім. Ертең Мәметкеннен бастап ай сұлуға қарай аралауға, жә дестік.

Likes(0)Dislikes(0)
3 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply