“Қалық жауларының жетегіндегі жазушы”
“Қалық жауларының жетегіндегі жазушы”

“Қалық жауларының жетегіндегі жазушы”

Views: 18

1937 жылғы 15 қазанда, ақын Тайыр Жароқов басқарған “Қазақ әдебиеті” газетінде Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин секілді көрнекті қаламгерлерімізді қатаң сынға алған “Қалық жауларының жетегіндегі жазушы” атты редакциялық мақала жарық көрді.

1937 жылғы 15 қазанда, ақын Тайыр Жароқов басқарған "Қазақ әдебиеті" газетінде "Қалық жауларының жетегіндегі жазушы" атты редакциялық мақала жарық көрді.

Сталіншіл нарком Николай Ибанобіш Ежоп жолдас бастаған қырағы НКБД орындары, қазақ қалқының қас жаулары ұлтшыл-пашистердің қылмысын әшкерелеп қолға түсірді. Жапон-герман пашизімінің жалдамалы төбеттері, кісі өлтіргіш сұмдардың қарғыс атқан күшіктердің шірік ұясы талқандалды. 

Қазағыстанның собет көркем әдебиетіне кіріп кеткен ат төбеліндей зұлым иттердің күлі көкке ұшырылды. Олардың сілімтік қалдықтарында құртпақ. Қайта туған қазақ қалқының ежелгі жаулары — Тоғжанып, Сейпуллин, Жансүгіріп, Майлін сиақты ұлтшыл-пашис сұмырайлар қылымысы әшкереленіп қолға түсті. Қалық жаулары мен ауыз жаласып, олардың жетегіне еріп кеткен, өзінің партиалық, моралдық пішінінен айрылған, бұржуазианың жырын жырлаған Мұқанып партиа қатарынан шығарылды. 

Жаулар мен табақтас болып келген, шығармаларында қалық жаулары, Алаш-ордашыларға көріне трибуна берген, болшебіктік сынға, өз ара сынға мейлінше қысым жасаған, өзінің қызмет орнын пайдаланып жазушылар ұйымының жұмысына бөгет жасап келген жазушы Мүсірепіп Ғабит туралы да пактылар келтіруге болады. 

Мүсірепіп Ғабит кәзіргі әшкереленіп отырған қалық жаулары Сейпуллин, Жансүгіріптердің тұсындағы “өзгермейтін бас жазушы“-ның біреуі болған адам. Қазағыстан жазушылары ұйымы праблениасының көптен келе жатқан мүшесі. Ендеше жазушылар ұйымының праблениасында болған сорақы былықтарда Мүсірепіпте жауапты. Қазағыстан жазушылар ұйымын жаулардан сауықтыру жөнінде ол не істеді? Дұрысын айтқанда тыңғылықты еш нәрсе істеген жоқ. 

Бұдан бір аз күн бұрын “Социалістік Қазағыстан” газеті “бұржуазиалық ұлтшылдықтың жаршысы” деген статиа жазып, Мүсірепіптің шығармаларындағы, әсіресе “Тулаған толқында” деген кітабындағы ұлтшылдық пікірін дұрыс сынады. Ырасында да Мүсірепіптің “Тулаған толқында” деген кітабы басынан аяғына дейін Алаш-ордашыларды, қазақ қалқының ата жаулары — Дулатып, Әлиқан Бөкейқанып, Ақымет Байтұрсынып, тағы басқа контрреболүционерлерді дәріптеу, солардың жырын жырлау екендігі талассыз пакты. Оның “Шұғыла” деген кітабы барып тұрған контрреболүциалық шығарма. Собет қалықтарының бақытты шат тұрмысына, собет үкіметіне, коммуніс партиасына қарсы идеядағы шығарма. “Шұғыла“-ның идеясы “Тулаған толқында“-ның идеясынан да зианды. “Шұғылада” басынан, аяғына шейін еш бір шындық жоқ. Мүсірепіп кітабындағы көп жерінде болшебіктерді масқаралап, социализмнің тамаша табыстарын, қалқозды ауылдың гүлденген жаңа өмірін, социалістік даладағы гүлденіп, құлпырған елдің жеңістерін жоққа шығарады. “Даланы қара тұман қаптап тұр” деп өсек айтады. 

Қысқасы Мүсірепіп, өзінің шығармаларында жауларды, қарасы өскен ескі өмірді дәріптейді, шат, шірік идеяны пропагандалап көкке көтереді. 

Бұл қата кездей соқ нәрсе емес. Бұл қата Мүсірепіптің саяси бетіне күдік келтіретін қата. Шынында Мүсірепіп жаудың батпағына батып, азған адамдардың қойнына кіріп, құшақтасып кеткен адам. Мүсірепіп іс жүзінде собет жазушылары союзының жайын оңдау туралы, оны саясат жағынан сауықтыру жөнінде тыңғылықты еш нәрсе істемегендігі де осыдан. 

Мүсірепіп, қалық жауы Майліннің жан аяспайтын досы. Оны мен қойындасып, құшақтасып, бірге тұрып, бірге жүрген адам. Сондықтанда, Мүсірепіп қалық жауы Майлінді қанатының астына алып қорғап келді. Майліннің бұрын алаш-орданың опицері болғандығы, собет үкіметіне қарсы күрескендігі, болшебіктерге оқ атқандығы, шығармаларындағы контрреболүциалық консепсиалары жайында жазушылар ұйымының жанындағы партиа ұйымы мәселені дер кезінде көтерседе, Мүсірепіп өзінің қызмет орнын пайдаланып Майлінді жанын салып қорғап келді. Майлін туралы мәселені ұзақ сонарға салып созып келді. Майлінді қалайда аман алып қалуға тырысты. Соңғы кезге шейін ашықтан ашық сүйеп келді.

Қазақ әдебиеті” газеті осы жылы 9-апрел күнгі нөмірінде Майліннің шығармаларындағы контрреболүциалық пікірлерді әшкерелейтін статиа басқанда, Мүсірепіп: “Бұл статиада Майлін туралы өте қатты айтылыпты, оның басына жететін сөздер айтылыпты, сондықтан статианы қайта қарап, сынды жұқалау керек” деп, газеттің сол нөміріні өзі қарап, Майлін туралы жазылған статианы өз қолы мен “түзетіп“, нөмірді бұзып қайта шығартты. Соның кесірінен редакциа бір неше мың сом зиан істеді. Бұдан асқан жауға либералдық, жаудың өмір сүруіне мүмкіндік бергендік болама? Контрреболүциашыл алаш-ордашыл Майлінді Мүсірепіп осылай қорғап келді. 

Жазушылар ұйымының жанындағы партиа ұйымының жиылысында Мұқаныптың ісі қаралғанда, қалық жауы Майлін туралы көп сөз болды. Коммуністер Майлін туралы мәселені сол жиылыста қарауды дұрыс көрді. Алайда жиылыста болған Мүсірепіп Майлінді қорғап, Майліннің мәселесі кейінге қалып бөлек қаралған жөн деген “арентиропке” берді. “Мен Майлін мен жақын жүрсем оның кім екендігін білген соң, саяси жағынан сенген соң жақын жүрдім” деді. Шынында, Мүсірепіп, Майліннің кім екенін біледі. Майлінда, Мүсірепіп білмейтін сыр жоқ. Мүсірепіптің саяси бетін осының өзі-ақ көрсетеді. 

Ол, қалық жаулары Ғатауллин, Айсарин, Жаманқұлыптар мен байланысып, олар мен араласып жүрді. 

Мүсірепіп, қалық жауы Нұртазинге жәрдемдесті, теріс идеяда жүрген, бұрын ұстауда болған Құсайыныпқа жәрдемдесті. Олардың зианды адам екенін біле тұра, жауапты қызметтерге орналастырды. Құсайыныптың ұлтшыл елемент екендігі туралы жазушылар ұйымында алда қашан сөз болсада, Мүсірепіп оны жақтап, сүйеп келді. Қолтығының астына алып, пәтер беріп жағдай жасады. 

Мүсірепіптің, бұржуазиашыл ұлтшылдарды іс жүзінде талқандау жұмысында, жауларға қарсы күресу жұмысына белсене қатынаспай келгендігініңде себебі осы.

Ол, жазушылар арасында болған бас қосып мас күнемдікке салынудың дәл ортасында болды. Бір кезде, Тәжібайып, ұлтшыл Құсайыныптың қарындасына үйленгенде той жасауға өзінің пәтерін беріп, ішімдік ұйымдастырды. 

Мүсірепіп өзінің негізгі қызметінің үстіне “Әдебиет майданы” жорналының редакторы болғанына 5-6 ай болып қалды. Бірақ жорналға еш бір пайда келтірген емес. Айлық еңбек ақыны текке алып келді. Ол редактор болғалы жорналдың бір нөміріде шыққан жоқ. Оған Мүсірепіптің іші ауырмайды. Бас мақаланы уақытында жазып, материал қарау дегенді білмейді, “құрметті редактор” болып отыра береді. Оны мен қоймай қалық жауы Майліннің әдебиет газетіне “құрметті редактор” болуына жағдай жасады. Қалық жауы Майлін — “Қазақ әдебиеті” газетіне редактор болғалы — бір жылдан астам уақыттан бері редаксиада бір күн отырмады. Еңбек ақыны текке алды. Қыдыру мен жүрді. Оны Мүсірепіп қолдап, шық жуытпады. 

Мүсірепіп бір кезде музыка театрында өзі бас болып артистер арасына азғындық дертінің уын септі.

Қалық жаулары Сейпуллин, Жансүгіріп, Тоғжаныптар менде Мүсірепіп тығыз байланысты болды. Олар мен сөз жүзінде араз болғансып, іс жүзінде ауыз жаласып дегенін істеп келді. Ол, бір кезде қалық жауы Сейпуллиннің партиаға қарсы жігінде болды. Алаш-орданың реболүциалық рөлі болды деген зианды “теорианы” таратушылардың бірі болды. Оның бұл зианды пікірі шығармаларынан айқын көрініп отыр. 

Мүсірепіп қалық жауларының жетегіндегі жазушы екендігі саясаттық, моралдық беті көмескі екендігі, жауды жанын салып қорғаған жазушы екендігі, шығармаларында бұржуазиашыл ұлтшылдықтың жыршысы болғандығы талассыз. 

Тиісті орындар, Мүсірепіптің саяси бетін тексеріп қортынды жасауы сөзсіз. Біздің жазушылар жұртшылығы жаулардың қалдықтарынан арыла отырып, өзінің қатарын табансыз, тұрақсыз адамдардан мүлде тазартуы керек.

Likes(0)Dislikes(0)
7 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply