Өліспей беріспейтін орысшыл аудармашылар
Өліспей беріспейтін орысшыл аудармашылар

Өліспей беріспейтін орысшыл аудармашылар

Views: 0

Егемен Қазақстанның жиырма жылдық мерейтойы өтсе де, көптеген жағдайларда Кремльдің ықпалы бұрынғыдай жүргізіліп жатыр. Экономикалық пен әскери қоқаң-лоқы былай тұрсын, мәдени салада московиттерге тәуелді болуы қисынсыз боп көрінеді. Отаршыл заманда тіршілік еткендей, тілмаштарымыз шетел туындыларын ең алдымен Ванька-Встаньканың аудармаларын пайдаланып, қазақ оқырман-көрермендеріне жеткізуде.

Ойыншық мұғалім сабақ беруде.

 

Мысалы, белгілі американдық актер Брюс Уиллис қатысуымен түсірілген, атылысқа толы Die HardҚиыншылықпен өлу») көркем фильмі орыс тіліне «Крепкий орешек» деп аударылған. Иә, орыс тілінің байлығына сай шеберлікпен жасалған аударма. Сонымен, орекеңдердің ығына жығылған қаракөз тәржімелеушілер ағылшын түпнұсқасына жүгінбей, солтүстік ағайындардың аудармасын қазақшалаумен шектелді — «Берік  жаңғақ».

Әрине, егер Голливуд фильмінің атын тікелей аударсақ, лайықты баламалардың бірі «Өліспей беріспейтін» болуы тиіс. Қазақ тілінің байлығын осындай жағдайларда паш етуге не жетсін? Кинематограф әлемінде орын алған орысшылдығы, әдеби әлемде жалғасуда. Мәселен, Германиядағы Қазақстанның елшілігінің қолдауымен қазақ классиктерінің біршама туындылары неміс тіліне аударылған. Әрине, тағы да Ванька-Встаньканың аудармаларысыз халықаралық қауымға шығуы мүмкін емес еді. Көптеген мамандар қазақ пен неміс тілдерін жетік меңгерсе де, қанымызға біткен құлдық әдетінің шеңгелінен арылмай жүрміз.

Likes(0)Dislikes(0)
27 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply