“Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис жаулардың зианды зардабын бір жола құртайық”
“Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис жаулардың зианды зардабын бір жола құртайық”

“Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис жаулардың зианды зардабын бір жола құртайық”

Views: 14

1937 жылғы 8 қазанда, ақын Тайыр Жароқов басқарған “Қазақ әдебиеті” газетінің “Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис жаулардың зианды зардабын бір жола құртайық” редакциялық мақаласы жарық көрді. Онда көптеген жазушы-ақындарымыз қатаң сынға алынған.

1937 жылғы 8 қазанда, "Қазақ әдебиеті" газетінің "Жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис жаулардың зианды зардабын бір жола құртайық" мақаласы жарық көрді.

Өктәбр реболүциасының нұрлы сәулесі мен жаңарып қайта туған қазақ қалқының өркендеп өскен қазақ собет әдебиетіндегі, жаңа Қазағыстан жазушылар ұйымындағы ұлтшыл-пашис қалық жаулары Тоғжанып, Жансүгіріп, Сейпуллиндер бет пердесі сыпырылып, әшкереленгенге шейін партиаға қарсы өздерінің қара ниеттегі мен жаулық, ұлтшылдық-пашистік істерін істеуге тырысып келген, бұл жаулардың әдебиетте істеген зианкестік зардабы аз болған жоқ. Құлымбетіп, Жүргеніп, Садуақасып сиақты жаулар, шаруашылық, саяси өмірімізде, қандай зианкестік зардабын істеуге тырысса, Тоғжанып, Сейпуллин, Жансүгіріп, Жаманқұлып сиақты пашис күшіктері де қазақ собет әдебиетіне өздерінің контрреболүциалық зианкестігін тигізуге тырысты. Олар өсіп, өрбіп келе жатқан собет әдебиетіне бөгет жасамақшы болды, жас жазушыларды өсірмей, қақпайлап отыруға тырысты. Сын, өз ара сын мәселесін бұрмалап, өз ара сынның күшейіп өркендеуіне бөгет жасап, соны мен қатар өздерінің контрреболүциалық бұзақы қылықтарын, жаулық қара ниет беттерін аштырмауға тырысып, өздерін қазақ собет әдебиетінің “классигі” етіп көрсетуге тырысты. Бұлардың ұлтшылдық-пашистік бет пердесін кезінде айқындап ашу жөнінде не жазушылар ұйымы, не жазушылар ұйымының жанындағы бастауыш партиа ұйымы еш нәрсе істей алмады, ол жаулар мен дұрыстап болшебікше күресе алмады. Ол жауларға қарсы күресу былай тұрсын, жазушылар ұйымының басында отырған Мұқаныптың өзі жаулар мен күресудің орнына, сол жаулардың құшағында болып, солар мен ауыз жаласып, солардың айтқанын істеп, ол ұлтшыл-пашистердің қол шоқпары болып, біле тұра солардың зианкестік, жаулық амалдарын үдетісуге себеп болып, партиаға, үкіметке қарсы іс істеуге тырысқан жаулардың зианкестігіне толығынан қосылып, олар мен табақтас, шанақтас болып келген. Мұқанып он жеті жыл бойы коммунис партиасының қатарында болып келседе, оның еш қашанда партиалық беті болған емес, ол 23-жылдан бері осы күнгі қалық жауы болып әшкереленіп отырған ұлтшыл-пашис Сәкен Сейпуллиннің партиаға қарсы-ұлтшыл контрреболүциалық жігінде болып келген. Ұлтшыл-пашис Сейпуллин не істе десе, соны Мұқанып тап жылдырмай істеп отырған, Сейпуллинді көтермелеп, оны мақтап, соның ұлтшылдық идеясын пропаганда етіп келген. Мұқаныптың жазған шығармалары бастан аяғына дейін ұлтшылдық, партиаға қарсы пропаганда болып отырған, оның “Сұлу шашы” ескі пеодални мақтап көрсеткен шығарма, “Адасқандар” дейтін романы байдың жырын жырлайды, оның “Мырзабегі“, “Теміртасы” контрреболүционни идеяға жазылған зианды шығармалар. Соны мен қатар, Мұқанып “ХХ-ғасырдағы қазақ әдебиеті” деген кітабында қарғалған қалық жаулары ұлтшыл пашис дулатыптарды дәріптеп, оларды мақтап, оларға трибуна беріп, жұртшылықтың көзін бояуға тырысқан — барып тұрған зианды контрреболүциалық шығарма, жауды пропаганда жасаған шығарма, Мұқанып өзінің өмірінде қалық жаулары мен еш уақыттада қатынасын үзген емес, ол әшкереленген қалық жаулары Асылбекіп пен, Сейпуллин мен, Рысқұлып, Нұрмақыптар мен табақтас болып келген, өзі жазушылар ұйымына бастық болып тұрған кезінде ұлтшыл Жұмабайыпты жұмысқа алуға тырысқан.

Соны сүйемелдеген, оған жаны ашыған, соған қызмет еткен, көмек берген. Партиа ұйымының парторгісі Абдықадырып Қалмақанды алсақ, ода Сейпуллин, Тоғжанып, Жансүгіріп, Жаманқұлып сиақты ұлтшыл-пашистердің зианкестік батпағына белшесінен батып, солардың жетегінде жүріп, олар мен ауыз жаласып, олар не істе десе соны табжылдырмай істеп келген.

Жазушылар ұйымында болған жаулардың мұндай былықтардың зианкестік қылықтарының мерезді зардабы туралы орталық газеттер жана “Қазағыстан прабдасы” газеті мен “Социалістік Қазығастан” газеттері кезінде сигінал жасап, жазушылар ұйымының бұндай қалы туралы өте дұрыс көрсетті. Алайда Қазағыстан жазушылар ұйымының өзі бұған шейін, өз бетімен жазушылар арасындағы болған жаудың былықтарын, зианкестік зардабын жою ретінде, олар мен болшебікше күресу ретінде жаулардың бет пердесін ашу жөнінде еш нәрсе істемей, ашық ауыздыққа, есуастық дертке, либералдыққа түсіп, болшебіктік қырағылықты жоғарғы дәрежеде мейлінше көтере алмай, босаңсып келді; тек қана Орталық жана Қазағыстан баспа сөз орындары бұл туралы дұрыс мәселе қозғағанның соңында барып, жаулардың істеген зианкестік зардабы мен күресу жөнінде қимылдай бастады. Бұл ретте, жазушылар ұйымына тікелей жол басшылық етіп отырған ҚК (б) П мәдениет ағарту бөліміндегі Мүсірепіп жолдаста жазушылар ұйымының мұндай былыққан қалін түзеу жөнінде кезінде шаралар істей алмай, бұл реттегі өзінің болшебіктік жауапкершілігіне өте салақ қарап келді.

Қазағыстан жазушылар ұйымының жанындағы бастауыш партиа ұйымы өзінің жуық арада болған жиналысында — қалық жауларының жазушылар ұйымында болған зианкестік зардабын құрту туралы, жана Мұқанып туралы мәселе қарады.

Жиылыста сөйлеушілердің бәріде Мұқаныпқа саяси жағынан сенбейтіндігін білдірді, оның барлық зианды былықтарын бетіне басты. Жиылыс Мұқаныпты БК (б) П қатарынан шығарды, жазушылар ұйымының бастығынан алуды тиісті орынның алдына қойды. Жиылыста Жүсіпбекіп Қамза, Абдықадырып Қалмақан, Бекеніп Елжастардың да көп қаталарын сөйлеушілер көрсете айтты. Партиа жиылысы олар туралы да мәселе қарауға деп тауып комиссие құрып, олардың қаталары туралы тексеруді комиссиеге тапсырды.

Осы жоғарыда айтылған пактілерді қорыта келгенде, Қазағыстан жазушылар ұйымының жұмысында жаулардың істеген зианды зардабының былығынан әлі тазарып жетпегендікті көреміз. Қалық жауларының, ұлтшыл-пашис күшіктерінің жазушылар ұйымындағы қазақ собет әдебиетіндегі зианкестік зардабы, жана жаудың қалдықтарын түп тамыры мен құртып, жазушылар ұйымын еш бір қалтқы қалдырмастан тазалап, болшебіктік сынды, өз ара сынды мейлінше жоғары сатыға көтере отырып, Ленін-Сталін партиасының дұрыс жол басшылығының арқасында болшебіктік жұмыс стилін мейлінше күшейтуіміз керек.

Біздің қазақ собет әдебиетінде қаулаған талантты жас жазушылар тобы күнбе-күн гүлденіп, күшейіп өсуде. Жүздеген жас ақын жазушылар, сыншы драматургтер тобы гүлденген собет әдебиетіне көрк бере жырлауда. Олар Сталін заманының нұрлы аясындағы бақытты, айбынды отанын сүйгіш Патриоттар. Солар мен қатар қалқоздан, сапқоздан Қарағанды, Балқаш, Ембы сиақты ұлы өндіріс орындарынан шыққан қаулаған қалық ақындары көңілді өмірдің қалқып жатқан шаттығын өздерінің тәтті күй, дарынды тілдері мен жыр бұлағын ағызуда. Осы таланттардың жырларындағы әр бір сөзі, ұлтшыл-пашис күшіктеріне, қара бет қалық жауларына бомбыдай атылып, бұқара қалықты шабыттандырады.

Міне біздің қазақ собет әдебиеті ұшан байтақ отанның көңілді, күшті өмірінен шыққан, қуанышты қалықтың жүрегінен шыққан жүздеген патриот таланттардың балдай тәтті жырынан құралып көркеюде.

Осындай социалістік отанымыздың собет әдебиетін гүлденген үстіне гүлдендіріп күшейту үшін, Сталіншіл нарком Ежоп жолдас бастаған қырағы НКБД орындарына жәрдемдесіп әдебиеттегі қалық жауларының қара бет ұлтшыл-пашис күшіктерінің қалдықтары мен жана олардың зианды зардабы мен еш бір рақымсыз қатты күресіп, жау қалдықтарының түп тамырын суырып құртуға жұмылуымыз керек. Кристалдай таза собет әдебиетін мұнанда күшті етіп заманымызға сай шығармалар жасалық. Бұл үшін әр бір жазушы Ленін-Сталін білімдері мен қаруланып, марксизім-ленінизм ілімін оқуға жұмылып болшебизмге жетілген жазушы болуға міндетті. Мұны бір минөтте естен шығаруға болмайды.

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply