“Әдебиетке күйе жағу”
“Әдебиетке күйе жағу”

“Әдебиетке күйе жағу”

Views: 27

1936 жылғы 20 тамызда, “Социалды Қазағыстан” газетінде “Газет сыны” айдарының шеңберінде “Әдебиетке күйе жағу” (“Қазақ әдебиетітуралы)” атты редакциялық мақаласы жарық көрді. Бұл жарияланым сол кездегі жазушыларымыздың арасындағы күресті сипаттайтын құнды айғақтарының бірі.

1936 жылғы 20 тамызда, "Социалды Қазағыстан" газетінде "Газет сыны" айдарында "Әдебиетке күйе жағу" ("Қазақ әдебиеті" туралы)" редакциялық мақаласы жарық көрді.

Қазақ көркем өнерінің соңғы 3-4 жылда қаншалық өскендігі — бұдан екі ай бұрын Мәскеуде болған декаднікте өте жақсы көрінді. Қазақ көркем өнерінің табыстарын жалпы собет жұртшылығы, көсемдеріміз қошеметтеді. Сол көркем өнердің бір саласы қазақ көркем әдебиеті.

Қазақ көркем әдебиетінің де соңғы 3-4 жылда болған табыстары үлкен. “Темір тас“, “Азамат Азаматыш“, “Айша“, “Амангелді“, “Түнгі сарын“, “Жалбыр“, “Тас түлек” сиақты ірі-ірі шығармалар осы соңғы жылдардың табысы. Жазушыларымыз да, әдебиетіміз де күн санап өсіп келеді. Сәкен сиақты бас жазушымыздың орден алуы әдебиетіміздің даражасы, табыстары қандай екенін өте жақсы көрсетеді.

Жалпы көркем өнеріміздің де, соның ішінде көркем әдебиетіміздің де келешекте гүлдеп өсетіндігіне сөз жоқ. Оған ауқатты тұрмыс, шатты өмір, болшебіктік басшылық толық кепіл. Жана жоғарыда айтылған табыстарда осылардың арқасында табылып отырған ұлы жемістер.

Бұл, әрине, бізде еш бір кемшілік жоқ деген сөз емес. Кемшілік өте көп. Заманымызға сай көркем өнер жасауда әлі де көп жұмыстар істеуіміз керек. Көркем өнерді заманымыздың ұлы даражасына сайма-сай етуіміз керек. Жұртшылық болып, көркем өнершілеріміз болып оны әлде гүлдендіруіміз, жоғарғы сатыға көтеруіміз керек. Әңгіме табылған табысты баянды етіп, алға басуда, жаңа табыстарға ұмтылуда, бұл үшін кемшіліктерді толық жоюға күресуде.

Осы жолда күресуші болатын орынның бірі — “Қазақ әдебиеті” газеті. “Қазақ әдебиеті” жазушылар ұйымының тілі; олай болса жазушыларды тәрбиелеуде, ұйыстыруда, әдебиет сапасын арттыруда алдыңғы сапта болу керек, әдебиетті алға сүйреуі керек. Әдебиет майданындағы табыстарды күн сайын қорытып, кемшіліктердің бетін іркілмей ашып, әдебиеттің алдағы, өсетін жолын көрсетіп отыруы керек.

Қазақ әдебиеті” бұл міндетін орындай алып отыр ма? Орындай алмай отыр, жазушылар арасында өзіне меншікті орнын ала алмай отыр. “Қазақ әдебиеті” газетінің кемшіліктері жөнінде бұдан бұрын да бір неше рет жазғанбыз. Бірақ, жөнделген, жұмысын оңдаған “Қазақ әдебиеті” әлі жоқ. Қайта кемшілігін, қатесін бұрынғыдан да үлкейтіп отыр.

Әдебиет майданына басшы, ұйымдастырушы болуға тиісті “Қазақ әдебиеті” әдебиет майданының қалын, әдебиеттегі табыстың, кемшіліктердің қандай даражада екенін, әдебиеттің келешекте өсу жолдары қандай болуы тиіс екенін білмейді. Осыдан не жазарын, не айтарын өзі де білмейді. Не айтып отырғанына өзі де түсінбейді, шынына келгенде “мен не деймін, домбырам не дейді” нің кебін келтіріп отыр.

Қазақ әдебиетінің” үйелдің 31-де шыққан санында Құдайбергеннің “Соңғы екі үш жылда” деген мақаласы шықты. Бұл мақалада Құдайберген, оны басушы газет соңғы екі-үш жыл ішіндегі әдебиетке қортынды жасамақ болған, келешектегі өсу жолын белгілемек болған. Бірақ, әдебиеттің қалын білмегендіктен бұл мақсатын орындай алмаған, не айтқанын өзі де білмеген. Білмеуінің үстіне әдебиетке, жазушыларға күйе жағатын жала жабатын, өтірік пікірлерді таратқан, бізге дұшпан пікірлерге бетінен орын берген.

Газет, мақаласының басын да “Темір тас“, “Қызыл ат“, “Қазақ қызы” сиақты басты шығармалардың атын атап келіп бұлардың үлкен табыстар екенін айтады.

Осы табыстың бәрі қазақ әдебиетінің өсу екпіні қатты екендігін, қазақ әдебиетінің келешегі өте зор екендігін көрсетеді” — дейді.

Драматургиа жөнінде табыстың көбі драматоргиаға меншікті екенін айта келіп:

Әуезіп жолдастыңТүнгі сарыны“, “Айман-Шолпаны“, БейімбеттіңАмангелдісі“, “Жалбыры“, ҒабиттіңҚыз жібегіжалпы сөбет әдебиетінің алдыңғы қатарындағы шығармалардың бірінен де кем емес” — дейді.

Бұл, әрине, асырыңқырап бағалағандық болады.

Бірақ, көп ұзамай газет өзінің бұл пікіріне өзі қарсы шығады. Мақтап отырған әдебиетін мүлдем жоққа шығарады. Жоғарыда мақтаған шығармалары жөнінде газет былай дейді:

Бәрі де ой шарықтау, қиал тербетіп үлкен пікір қортындыларын жасау жағынан өте саяз. Біздің шығармалар, көбінесе, көз бен көріп, қол мен ұстаған, газеттен оқыған пікір көлемінен аспайды…

… Драмада собет үкіметі орнағалы болған тариқи істердің маңызына құрылған пиеселер жоқтың қасы. Драмада собет ерлерінің бейнесі жазылған жоқ.

… Драмадан бастап, пойезие, проза — бәрі де собет елінің үлкен қазағының бейнесін тудыра алған жоқ.

… Соңғы уақытта жазылған пойемаларда собет геройының проблемасы шешілмек түгіл, оны қоюға көрнекті талап та істелген жоқ“.

 Соны мен “табыс өте көп“, “драмаларымыз собет әдебиетінің алдыңғы қатарында!“. Бірақ… “шығармалардың біреуінде де терең ой, собеттік герой жоқ!” “Терең ой жоқ” болса, “собеттік геройдың обырызы жоқ” болса табысымыз қайсы? Собет әдебиетінің алдына шыққандығымыз қайсы?

Бұл, әрине “мен не деймін, домбырам не дейді” деген алжу. Алжу болғанда да барлық табыстарымызды, әдебиетімізді жоққа шығаратын алжу. “Табыс көп” деген жалпы сөзді тасалап, “бізде тұздығы татитын еш бір әдебиет жоқ, әдебиет деп жүргендеріміз әшейінмылжың” деген алашшылардың пікірін айту. “Қазақ әдебиеті” бұл мақалада жалғыз қазақ әдебиетіне емес, жалпы собет әдебиетіне, болшебіктік газеттерге де күйе жағып отыр. “Пиеселеріміз собет әдебиетінің алды, бірақ түк ой тереңдігі жоқ, газеттің пікір көлемінен аспайды” деген сөз, собет әдебиеті мен газеттерде де түк, іштеңе жоқ деген сөз болып шығады.

Қазақ әдебиеті” мұны мен де қоймай жазушыларға күйені жаға түседі:

Біздің жазушылардың көбі кәзіргі өмірді газеттен бақылап қана суреттегісі келеді. Біздің жазушылардың кей біреулері өмір туралы, келешек туралы көп ойлаудың орнына, өзі туралы, өзінің әдебиеттегі орны туралы, өзінің дем алысы, тамағы туралы көп ойлайды. Бұл кемшіліктерге болшебіктік шабуыл жасау керек” деп, жазушыларды түгел қаралап, оларға қарсы шабуыл жасауға шақырады. Бұл, әрине, жазушыларға жала жабу, тап дұшпандарының өтірік-өсегін айту. Біздің жазушыларымыз жөнінде мұндай пікірді тек тап дұшпандары ғана айта алады.

Қазақ әдебиеті” жазушыларға көмекші, ұйымдастырушы бола алмауы мен қоймай, собет әдебиеті, болшебіктік газет, жазушылар жөнінде тап дұшпанының өтірік-өсегіне өзінің бетінен орын беріп күйе жағуына жол беріп отыр. “Айтыс ретінде” деп Құдайбергеннің бастан аяқ контрабандылық мақаласын басып, Сталін жолдастың “Пролетарская реболюциа” жорналына жазған қатын естен шығарып отыр.

Қазақ әдебиеті” газетін жөндейтін, сауықтыратын, жалпы жазушылар жұртшылығы болып, беделін, сапасын арттыратын уақыт жетті. “Қазақ әдебиеті” газетін шын болшебіктік ұйымдастырушыға, күресшіге айналдыру керек.

Likes(0)Dislikes(0)
21 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply