2026 жылғы маусымның басында Молдоба Республикасына (Moldova) баруға сәті түсті. Шалғайда орналасқан шағын елдің өзгешелектерін өзімше суреттеуге тырыстым. Өйткені, қазақ пен молдобан бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы байланыстар әзірше жеткіліксіздеу дәрежеде қалуда.
Оның Кішінеп бас қаласында біздегідей екіталай жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Аса керек болмаса да, жырынды атқамінер мен пысықай іскерлердің байлығын одан әрі үлкейтеді осындай жол құрылыс жоспарлары. Алайда, Кішінепте Алматыдай тротуарларды қаптаған құтырған мотоциклист-курьерлер жоқтың қасы.
Қылмыскер “израиль” режимінің ықпалы да сезіліп тұр. Молдоба бас қаласының орталық көшелерінің біріне “Иерусалим” аты берілген. Ебрей диаспорасының мекемесі де Кішінептің қақ ортасында орын тепкен. Осы елдің ебрей қауымдастығы кезінде дүркіреп дамыған.
Бірақ, өзге елдер де қалмай тұр. Атап айтқанда, осы қаланың ірі сазгер Еуджен Дога көшесінің қайта құру жұмыстары түрік ұйымдарының арқасында жүзеге асырылған. Көршілес саябақты да түріктер жөндетті. Сөз жоқ, бұндай романтикалық көріністер молдобан астанасының ажарын одан әрі көркейтті.
Ол ол ма, тіпті қазақ іскерлеріне қатысы бар молдобалық ірі бизнес ұйымы да жоқ емес. Демек, келмеске кететін Украинаның әлсіреген жағдайында осы аймақтағы Қазақстанның экономикалық мүдделерін Молдоба арқылы қорғалғаны ғажап емес. Бірақ, Әзірбайжан мен Өзбекстан Молдобамен тікелей әуе рейсіне ие болса, Қазақстан күні бүгінгі дейін осы елмен тікелей көлік қатынастарына тапшы.
Қазақ пен түрік ықпалы сезілсе, орыстың да үлесі елеулі деңгейде қалуда. Оның дәлелі — Кішінептегі орыс алпауыт “Лукойл” мұнай компаниясының өкілдігі. Жалпы, бұндай көпбекторлық саясатының арқасында молдобан тұрғындарымен араласуы қиынға соқпас. Көптеген түрік пен гүржі тұрғындарындай емес олар әдетте орыс немесе ағылшын тілінде сіздерге жауап қайтарар. Молдобан қоғамдық көлігінде де Түркия мен Гүржістандай емес жол ақысын қолма-қол ақша немесе төлем карточкалары арқылы төлеу оңай. Балюта айырбастауы да Түркия мен Гүржістандай емес: құжатсыз атқарылады. Бірақ, Молдобада Түркия мен Гүржістандай тегін жұртшылық туалеттері сирек кездеседі.
Түркітілдес гагауз ұлтының молдобандық Комрат бас қаласында жергілікті полицайлері жиі көрінуде. Демек, күні бүгінгі дейін молдобандар гагауз сепаратизмінің мүмкіншілігіне сақтықпен қарауда. Гагауз аптономиясы Транснистрияның (Приднестровье) деңгейіне жетпесе де, соның өзінде ресми Кішінептің алаңдаушылығын түсіністікпен қабылдау керек.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.





