Немересі жоқ жануар
Немересі жоқ жануар

Немересі жоқ жануар

Біз сүткоректі тірі жандар болған соң әдетте балаларымызды сүйіп, әлпештеп қорғап тұрмыз. Өзге сүткоректі жануарлар да негізінен біздей өз тұқымын қуалайды. Алайда, ойлау қабілетіне ие болғандықтан, біз бала бағу жағынан басқа жануарлармен салыстырғанда көш ілгері тұрмыз. Дәлірек айтқанда, өскелең ұрпағымызбен жәй ғана биологиялық байланыспен шектелмей, біз келешегімізді нығайту үшін немерелерімізді де құштарлана қолдаймыз. Ал, жануарлар немерені білмейді. Олар тек қана өз күшіктерін асырап тұр.

Берлин зообағында арыстан алдында Данияр Наурыз тұр, 2010 жылы.

Демек, өзге жануарлар парасаты бар кісідей емес, болашақтың қамын жемейді. Оған қоса, жануардың ішкі дүниесі тек қана оған тікелей қатысы бар күшіктері мен ұясымен шектелеген. Ойшыл кісідей емес, жануар жалпы жаратылыс, пәлсапа, жер-шарының сұрақтарын қозғамайды да. Сондықтан, ит пен мысық, маймыл мен дельфин немеренің асқан маңыздылығын түсінуге шамасы келмейді. Расында, жануар екеш жануар да өзге тірі жанның күшігін асырап алғаны ғажап емес. Дегенмен, бұндай жабайы қамқорлық соқыр сезім (инстинкт) қатарына жатады. Жабайы тірі жан қамқорлық қимылдарының шеңберінде өз күшігінен гөрі өз немересін арнайы көздемейді. Оның шапағаты өзге күшіктерге тисе, бұндай оқиғаны кездейсоқтық деп санауға тура келеді. Немере мәселесімен жасанды парасат (Artificial Intelligence) сұрағы ұштасып тұр. Қай себептен электрон-есептеу машиналар (компьютер) біздің ойлау, шығармашылық деңгейін ешқашан қуып жете алмайды? Өйткені, немерелі түгіл ЭЕМ балалы да емес. Ойлау, шығармашылық қабілетіміз жалғыз биологиялық немесе электрондық мидың өнімі ғана емес. Ең алдымен, біздің кітап, симфония немесе ғылыми жаңалықтар жанұя, ұжым немесе ұлт сияқты топтардың ынтымақтастығының арқасында пайда болады.

Сондықтан, жасанды парасаттың қазіргі тарлау өрісі бұндай шектелген деңгейде қала береді. Иә, ЭЕМ әлде ЭЕМ-дердің жиынтығы санау, талдау немесе жазу жұмыстарын кең көлемде атқара алады. Бірақ, осындай бірқалыпты, сыңаржақ еңбек шынайы жасампаздық өнерінің қатарына жатпайды. Себебі, ағымдағы, көз алдындағы жағдайды ұғатын ата-баба, немересі жоқ есептеу машинасы өткен кезең мен келешекті тиісті дәрежеде түсіне алмайды. Толыққанды даму үшін ұрпақтардың сабақтастығы ауадай қажет. Сайып келгенде, ата-баба, немересі жоқ жануар мен ЭЕМ өзекті сұрақтардың шешімін тауып алса да, тарих пен болашақтың келелі мәселелерін ұқпай тұр.

Likes(0)Dislikes(0)
10 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply