1933 жылғы 4 қыркүйекте, новосібірлік “Қызыл ту” газетінде ауыл шаруашылық саласындағы олқылықтар жайындағы “Әңгіме бір қарын туралы” фельетоны жарық көрді. Осы шығармыны жазған қаламгер “Шанышқы” лақап атымен бүркенді.
Қазанғап ұлының қарны жабайы қарын болса сөз басында тұрмаған болар еді. “Өзгеше қасиетті” қарын болған соң төрден орын берілді. Бірақ сонысына қарағанда көзге толық баяғының кебеже қарындары емес, солар мен тектес кішкене ғана, қозы қарын. Көтерерім жоқ қарын кіші. Кішіде болса бәленің көз қалтасы қатбаршақтың түбінде қатып жатқан неше жылғы сүр нәжесте бар, қайнаса біткен ұрлық, зорлық, сұрқиа сұмдықтарда бар. Биттей қарын осылар мен тырсиа тойған. Сақтығы мол Қазанғаптың Жетпіспайы бұның бірін бышыратбастан күні бүгінге дейін сақтап келуші — керектігін білген десеңші!
Тырсиып тұрған осы биттей қарынға жақын арада бір “сұлу“-дың көз құрты түседі. “Сұлу” мұндай ашқарақ боларма, көз түсуі ақ мұң екен, қарынға келіп аш кенедей жабысады, құшады… қарық болады.
Көтерілген көңілге күлкі керек. Тойған қарын дәмдіден, дәмді іздемек. Қазанғап ұлы айта қалғандай енді бір ойын істеп жібермек. “бес бармақ“-ты былқытбаса, ақ жорғаны сайдан ағызбаса, ойынның өңі енеме! Бірақ бұл құрғырдың бәрі ақша мен байланысты. Ол ақша Қазанғап ұлының қалтасынан табыла қойса жақсы, табылмаса бұның ақыры әлде нелерге соғар, оны келешек ашар.
Бір күндері Қазанғап ұлы қызулы төсегінде шалқасынан жатып, құтты қарнын екі қолы мен кезекбе, кезек сипап қойып, жаңа “сұлу“-ға әмір етті:
— Сұлуым, қарашы менің қалтамды, не қалды екен!?
Сұлуы қарап еді, қолы құр шыққан жоқ, мырзасына бір төрт бұрышты кінешкені ұстата берді:
— Мынауың не еді, осыдан өзге еш нәрсе жоқ?!
— О! бұл ма, бұл — парт белет қой. Бұл менің
қарын азығым, бұл менің қолдаушым.
— Ол саған сонша не көрсетіп еді?
— Білмейсіңбе? Қалқозды судай кешем, ал дегенім
алғыс, қара дегенім қарғыс. 70 бұт бидәйді бір
іреттің өзінде ақ сіміріп жібердім. Әнеугі Еркіншілік
ауданынан келетін Басар ұлының қара қасқа таншасын
түгі мен жұттым. Бұл арада еш кім жоқ сен үшін берген
4000 сомда аспаннан түскен емес. Соның бәрі осы сұр
белеттің арқасы емес пе? Осыларды мынау бөтеге қарынға
түсіріп отырған, самсыған көздің сұғынан қорқап отырған,
шіркін осы сұр белет емес пе?
— Ие, ырас-ау бұның — деді, күлімсіреп жас “сұлу“.
Қазанғап ұлы белетіне ырза болғандықтан, ескі кәзеттер мен қабат, қабат орап “сұлуға” ұсынды:
— Мә! айырылып қалма күт!
Сұлу алдыда сандығына салып кілтін мықтап жапты, сандықты апарып абдіренің ішіне тықты. сүйттіде әбдірені тап бас жақтарына әкеп тіреп қойды.
Ертеде бір ақымақ қан ауырады. Ауырысы мен тентек жігіттерін жинап алып, қолдарына бір бір өткір қару береді:
— осы қару мен мені ортаға алып, жәйпап тұрыңдаршы, Әзірейіл жанымды боқты алар! деген екен. Жігіттері айтқанын істепті. Бірақ өлгелі тұрған ақымақ қан оған қарамай өліп қалыпты.
Сондай ақ белетке сандық айбар бола алама? қағаз түгіл “сұлу“-дың торғын орамалы мен ораса да, одан белет күткендік табылама? Белетті күткен адам — адал іс пен, балшабектік ниет пен, партиа тапсырындыларын мүлтіксіз орындау мен күтуші еді, Қазанғап ұлының белет күткені — молдалардың сәлде күткені мен бірдей екен, азар болса аузы жаман екен дерсіндер Қазанғап ұлынан парт белет орнына қайтпаса жәрар еді, ондағысын уақытында көрерміз. Атақты ойын не болды екен соған келейік.
Ер жігіт айтқанынан қайтсын ба, бір күндері ойынға келіңдер деп Шарбақ-көлдің 3-ауылына жарды салып қалды. Салуы ақ мұң екен. Қазанғаптың үйі кісіге лық толды, Буы бұрқыраған “бес бармақ” сорайған, сорайған ұзын мойындар дастарқанның үстіне келіпте жетті.
— Қане алып жіберейік! алыңдар!
— Ойынның құрметіне бірді!
— Екі жастың игілігіне бірді!
— Ден саулыққа бірді!
— Қазанғап үшін бірді!…
Осылайша атап, атап ақ жорғаны сіміріп жатыр еді, бір уақытта ауыл кеңестің мүшесі Сүлеймен ұлы мен Қазанғап ұлының күре тамырлары білеудей, беттері бұлаудай, дауысы мөңіреген бұзаудай бола қалды. Жалғыз бұл екеуі емес басқа серіктеріде көп, бірақ оның бәрін атаудың қажаты жоқ. Ойын қанды, қарын тойды мәре, сәре боп ел тарады.
Тәңертен бас дүзетуге Қазанғап ұлынікіне кеңес мүшесі Сүлеймен ұлы келеді. Бас дүзегеннен кейін екі дос әңгімеге кіреді:
— Дос ойын өтті, бұның орнын қалай толтырамыз!
— Қиын ба екен! Егін шығып берді, қызыл қырманның үсті,
қызыл бидәйдән аламызда ойын қорына саламыз.
— Қақиып тұрған күзет бар, қадалған алғыр көздер бар,
одан қалай аламыз?
— Сода сөзбе! — деді жау жүрек Сүлеймен ұлы.
— Өзіміздің “кірасні пақар“ мемлекетке 34 сентінер астық
жөнелтті. Астық басында Әбкей мен Төлеген кетті.
— Таптың ау дәнішпаным! Тез енді отырма, шапта, жет! оңаша
далағой екеуін алдарсың. Қасыңа Қабдірді қосып ал, болмай
бара жатса қолдарсың.
Сөз осыған бекіді. Сүлеймен ұлы мен Қабдір қызыл керіуеннің артына, қызыл шолақ қасқырдай түсіп береді…
Қызыл керіуен бұл кезде ен далада, жол үстінде, тырна тізбек, қызыл жалау желпілдеп, кетіп барады. Керіуен басы Әбікей мен Төлеген — бірі алда, бірі артта, бүкіл керіуен екі көздің қарашығында еді.
— Мыналар кім, келіп қалды?! деді, жұлып алғандай қырағы Әбікей. Төлеш жалт қарап мүдіре қалды…
Сонша болмады екі қасқыр келіпте жетті:
— Жігіттер, бір қап бидәй артық кетіпті, тез бізге өңгертіп
жібере қойыңдар!!…
— Жоқ, болмайды! — деді керіуеншілер:
— Біз нәретпен алдық, түгел тапсыруға жауаптымыз, аулақ
тұрыңдар!
— Кім! ауыл кеңес аулақ тұрады? тапқан екенсіңдер май бидәйді,
кел, Қабдір, көтер қапты, өңгерт маған!…
Керіуеншілер екі қасқырды аузын қан қылып ұрып жығуға шамасы бар еді. көңілдеріде кетіп еді, бірақ белгілі қасқырлар болғансоң тәртіп сақтады. олар бір қап бидәйді алып кейін қашқанда, керіуеншілер партиа ұясы мен аудандық уәкіл Қуандық ұлына, Болкен ұлына, шапты. Бұлар қалқоз бастығы Қоңырша мен бесеу болып, қасқырлардың ізіне түседі. Із бұлтармастан Қазанғап ұлының үйіне келіп енеді. Босағада сұлап жатқан керіуеннің қанар қап бидәйінің үстінен түседі.
— О, Қазанғап ұлы, сені не қара басты? саппартты бітіріп едің,
ауданда жауапты қызметтерде де істеп едің, өзің партиа мүшелігіне
кандидатсың! — депті қуғыншылар.
— Бәрі ырас, қысқасынан айтқанда, жегім келді — дейді Қазанғап
ұлы.
Әңгіме әзірге осы мен бітеді. Әдет бойынша сөзді түйіу керек болса — Шарбақ көлдің аудандық КК. сі тезінен Қазанғап ұлының сандығындағы кандидат белетін алып, өзіне 7-ағұс заңын аяусыз қолдандыру керек.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
