Байланыс саласындағы саяси қателік

 

Тәуелсіздігімізге 19 жыл толса да, халықаралық телефон
кодымыз әлі де ресейлік +7. Тіпті, солтүстік көршімізбен одақтас мемлекетті құрған Беларусь
+375 жеке кодына ие. Ресейдің әскери серіктесі Армения да +374 жеке кодына ие. АҚШ-тың құрамында саналатын Пуэрто-Рико да +1787 жеке кодын пайдалануда. Израильдің құрамында Палестина автономиясы да +970 жеке кодын иемденуде. Орысшыл бастықсымақтарымыз Ресейдің халықаралық телефон кодын қимай тұр.


www.sparkfun.com

Бәлкім, шектен тыс ырымшылдыққа берілген әкімсымақтар +7 халықаралық телефон кодын пір тұтады. Шіркін, әдемі цифра Қазақстан байланыс саласындағы қымбат бағаларын азайтса, төмендеу сапасын арттырса! Ең бастысы, біз Ресейдің губерниясы емеспіз, дербес кодын орнатуға міндеттіміз. Сонымен қатар, отандық компаниялардың үлесі өсуге тиіс. Түркия,
Швеция, Ресей мен тағы басқа елдердің фирмалары Қазақстан телекоммуникацияларына зор ықпал етуде. Ұлттық қауіпсіздігіне қатысы бар бұл салада шетелдіктерді тізгіндеу қажет.

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
8 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.