Челахарда

1987 жылдың 24 ақпанында, әлімжеттікке душар болған Қызыл әскердің қатардағы жауынгері Артурас Сакалаускас сегіз сарбаздарды атып тастады. Иә, жәбір көрген литвалық жигіттің қанды іс-әрекеті бүкіл ҚСРО-ның қоғамын дүр сілкіндергендей болды. Алайда, «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қасіретті оқиға әлімжеттік санатына жатпайды. Ең алдымен, әлімжеттік деген құбылыс ел шетіндегі қызмет ететін сарбаздарға жат дүние. Олар құрылыс батальоны немесе ішкі әскер сияқты мардымсыздау бөлімшелердей уақытын зая өткізбейді, нағыз азаматтық борыш атқаруда! Екіншіден, аузынан уызы кеппеген он тоғыз жасар Владислав Челах он бес қаруланған әріптестерін жалғыз өлтіргеніне сенетін адамдар аз. Ұйғыр сепаратистері мен қытай әскерилерінің де осы сұмдық қылмысқа қатысы жоқ. Ұйғыр сепаратистері әдеттегідей қалалар мен ауылдарда төбелес-қақтығыс арқылы зымиянды жоспарларын жүзеге асыруда. Ал, қытай әскерилері Ливия мен Грузияны бомбаламады, Ауғанстан мен Ираққа басын сұқпады. Демек, Пекиннің саясаты Ресей мен Американдық озбыр әрекеттерімен салыстырғанда, әлдеқайда тәуірлеу һәм бейбітті.

www.cia.gov

Осы Челах шабуыл жасағандардың сыбайласы немесе қанды қырғынның аман-сау құтылған куәгері. Бәлкім, диверсанттар қазақтар, кәріс пен немісті құртып қандасын аяған шығар. Владиславты біздің тергеуші-жоқшылар көп ұзамай ұстап алды. Бірақ, тергеуші-жоқшылар алғашқы кезеңде жоғары жақтылардың бұйрығын күтіп, не істерін білмеді. Ақыр соңында, әлімжеттік туралы ертегін ойлап тапты. Көпвекторлық саясатымыз бойынша, сезікті көршілерімізді ренжітуге болмайды. Сондықтан, қарапайым қарағандылық жігітке кінәні тағу ең оңтайлы әдіс боп көрінеді. Әлгі Ресейдің басшылары тіпті көңіл айтуды жөн санамады. Керісінше, жарамыздың аузын ашу үшін Астанаға Путиннің сапарымен бірге Сары-Шағанымызға зымыранын атқылады. Тасбауыр жетекшілеріміз «Арқанкерген» оқиғасына орай тұңғыш рет жалпыұлттық аза күнін жариялады. Тамыр-таныстық, сыбайлас жемқорлық арқылы саясатын жүргізетін ақордалықтар тағы бір мәрте бізді қан қақсатты. Парақор генералсымақтар орнына отпен кіріп, күлмен шығатын нағыз сардарларды тағайындау керек.

Қызылағаш су тасқынының құрбандары немесе Жаңаөзендегі шәйіттер үшін жалпыұлттық аза күні жарияланбады. Өйткені, мұнайшылар мен ауылшаруашылық жұмысшылары қара сүйек санатына жататын базбіреулер. Ал, шекарашылар қаһарлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері болған соң, биліктің негізгі тіректері боп саналады. Сондықтан, ақордалықтар лажсыз аза күні жариялап жіберді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.